Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зорлық-зомбылықты насихаттап, фишинг және қаруға қатысты контент таратқан 28 мың сайт бұғатталды

Қазақстанда зорлық-зомбылықты насихаттап, фишинг және қаруға қатысты контент таратқан 28 мың сайт бұғатталды

Фото: unsplash
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттық сауалға берген жауабында интернет кеңістіктегі заңсыз контентпен күрес жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің дерегінше, құқыққа қайшы мазмұндағы 100,8 мыңнан астам шетелдік интернет-ресурс анықталған.

"Олар: қаржы пирамидалары – 15 301, порнография – 24 662, интернет-казино – 4 601, онлайн-казино жарнамасы – 17 297, фейктер – 22 063, есірткі қылмыстары – 1 981, фишингтік сайттар – 2 894, қару-жарақ – 312, суицид – 426, "Байланыс туралы" заңды бұзу фактілері – 1 400, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау – 1 193 және өзге де контент – 8 673", – делінген жауапта.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда осындай 28 554 ресурс бұғатталған. Оның ішінде: порнография – 16 524, фейктер – 372, интернет-казино қызметі мен жарнамасы – 5 576, қаржы пирамидалары – 3 419, есірткіге қатысты контент – 518, қатыгездікті насихаттау – 62, фишинг – 513, суицидке қатысты материалдар – 50, қару-жарақ – 25.

"Полицияның қоғамдық орындарда тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданып жатыр. Қалалардың қылмыс деңгейі жоғары учаскелерінде 209 тұрақты полиция бекеті орнатылды. Патрульдік полицейлер модульдік бекеттерде тәулік бойы жұмыс істеп, азаматтардың өтініштерін қабылдайды", – деп толықтырды Сәденов.
Бұдан бұрын министр Сәденов еліміздегі заңнаманы бұзатын пранкерлермен күрес жөнінде де мәлімдеген еді.
24 қараша 2025 ж. 26 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930