Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Meta Facebook пен Instagram-ның зияны туралы зерттеуді қолданушылардан жасырып қалған

Meta Facebook пен Instagram-ның зияны туралы зерттеуді қолданушылардан жасырып қалған

Фото: Ru.freepik.com
Facebook пен Instagram-ға иелік ететін Meta компаниясы платформаның пайдаланушыларға психологиялық зиян келтіретінін дәлелдейтін зерттеуді тоқтатып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге зияны туралы Meta мен АҚШ-тағы мектеп округтері арасындағы сот процестері барысында ұсынылған құжаттарға сілтеме жасады.
Құжаттарға сәйкес, 2020 жылы Meta Project Mercury атты зерттеу жобасын ұйымдастырған. Зерттеу аясында Facebook қолданушыларынан біраз уақыт әлеуметтік желіге кірмеу сұралған.
“Бар болғаны бір апта желіге кірмеген қатысушылардың бойында депрессия, алаңдаушылық, жалғыздық сезімдерінің азайғанын, сондай-ақ әлеуметтік қысымның төмендеген”, – делінген материалда.
Арада көп уақыт өтпей-ақ зерттеу тоқтатылған, алайда оның нәтижелері ешқашан жарияланбаған. Компания өкілі зерттеу туралы ақпаратты жасырды деген айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, зерттеу әдістемелік кемшіліктерге байланысты тоқтатылған.
Ал IXBT жазғандай, Meta тіпті өз қызметкерлеріне де бұл нәтижелерді ақтап, түсіндіруге тырысқан. Компания ол кездегі зерттеу қорытындылары сол уақытта БАҚ-та Meta туралы шыққан жағымсыз жаңалықтардың әсерінен бұрмаланған деп мәлімдеген.
Платформалар мен пайдаланушылардың психикалық денсаулығына теріс әсер арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын зерттеулерге қарамастан, Meta АҚШ Конгресіндегі бір тыңдалымда өз өнімдерінің жасөспірім қыздарға зиянды-зиянсыз екенін сандық түрде бағалау мүмкіндігі жоқ екенін айтқан.
24 қараша 2025 ж. 55 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930