Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк күтпеген аударымдар кезінде қалай әрекет ету керек екенін түсіндіріп берді

Ұлттық банк күтпеген аударымдар кезінде қалай әрекет ету керек екенін түсіндіріп берді


Фото: pexels
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 24 қарашада "қате аударылған" ақшаға қатысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпарға сүйенсек, көп таралған схемалардың бірі – ақша түскені туралы жалған хабарлама жіберу.

Ондай кезде азаматтар банк шотына түскен ақша сомасы туралы SMS-хабарлама алады. Кейін оларға қаскөйлер қоңырау шалып, өзін ақша аударған адам ретінде таныстырады да, "қателесіп аударыппын" деген сылтаумен түскен ақшаны кері қайтаруды сұрайды. Бірақ, көбіне мұндай хабарламалар жалған болып шығады.

Мамандар осындай хабарлама немесе қоңырау қабылдаған кезде ақшаның қайдан келгенін тек банктің ресми мобильді қосымшасында немесе интернет-банкинг арқылы тексеріп алған абзал екенін айтты.

Сонымен қатар, белгісіз нөмірден келген SMS-хабарламаға сақ болып, күдікті сілтемеге өтпеу керек екені ескертілді.
Алаяқтық схеманың тағы бір түрі бар. Ол жағдайда қаскөйлер белгілі бір азаматтың шотына шынайы түрде ақша аударады.
Кейін олар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, "қателесіп аударғанын" айтады да, түскен ақшаны қайтаруға басқа бір үшінші тараптың шотын ұсынады.

Әңгіме кезінде психологиялық қысым (мысалы, ақша баланың еміне керек екенін айтып) көрсетуі немесе құқық қорғау органдарына, болмаса, сотқа шағымданатынын айтып, қорқытуы мүмкін. Көбіне алаяқтар өзін "күш құрылымдарының" немесе "Ұлттық Банктің қызметкері" ретінде таныстырып, жеке және банк деректерін сұратады.

Ұлттық Банк осындай оқиғаға тап болған жағдайда немесе белгісіз біреулерден ақша түскенде үшінші тараптың шотына ақша аударудан сақ болуға шақырады. Өзгеден келген ақшаны қайтару амалын нақтылау үшін дереу банкке хабарласқан дұрыс. Тіпті қажет болса, тиісті өтінішті тапсыру үшін банктің ең жақын бөлімшесіне бару керек екені ескертілді.

"Еске сала кетейік, Ұлттық Банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайды, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, түрлі инвестициялық қорлар мен қаржы өнімдеріне қаржы салымдарын ұсынбайды, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайды, халықпен де ақшалай есеп айырыспайды" -, делінген ақпаратта.
Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына арыз түсіруге кеңес берілді. Сонымен қатар, кеңес алу үшін 1477 қысқа нөміріне қоңырау шалып, Ұлттық Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады.
Бұған дейін желіде теңіз өнімдеріне қатысты алаяқтық көбейгенін жазғанбыз.
24 қараша 2025 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930