Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Баспана мәселесі байыппен шешілуде

Баспана мәселесі байыппен шешілуде

Баспанасы жоқтың, бабы болмайтыны бесенеден белгілі. Қалтасындағы қаржысы жоқ талай қазақ бүгінде үйлі болуды армандап, соның жолында қам жасап әлек. Бірақ оған бірінің қолы жеткенімен, кейбірі сеңдей соғылысып, сергеледеңге салынып жүр. Оған тұрмыстың төмендігі себеп болса, ал кейде сатылымдағы баспана бағасының қымбаттығы кедергі. Иә, тұрғын үй мәселесі қозғалғанда түрлі қиындықтардың туындайтыны анық. Дегенмен бұл тарапта мемлекет тұрғын үйге қатысты түйткілді мәселелерді шешіп, жұртшылықтың жоғын түгелдеуде тиімді шараларды жүзеге асырып жатқандығын да жоққа шығармау керек.
Бұл мәселеде өңірдің де жұмысы жолға қойылған деуге негіз бар. Себебі қолдағы мәліметтер тұрғындарды жайлы баспанамен қамту мақсатында жүйелі жұмыстардың жүріп жатқандығын байқатады. Сөзімізге дәлел болсын деп төмендегі дәйекті деректерді сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмыз. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, бүгінде аудан бойынша Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.
Деректер базасына енген соңғы мәліметтермен бөлісер болсақ, бүгінде аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 1908 азамат(ша) кезекте тұр. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 898, көпбалалы отбасы – 507, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 207, сондай-ақ бюджеттік сала қызметкерлері – 296 кезекте тұр. Ал бүгінге дейін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға барлығы – 211 тұрғын үйлер мен пәтер берілді. Нақтылап айтар болсақ, 2012 жылы – 17, 2013 жылы – 16, 2014 жылы –30, 2015 жылы – 4, 2020 жылы – 108, 2021 жылы – 36 азаматқа берілген.
Аталған үйлердің ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру» қағидаларына сәйкес 42 үй тұрғын үй комиссиясының шешімдері негізінде жекешелендірілді. Ал қалған 169 тұрғын үй мен пәтерлер «Қазалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ теңгерімінде.
Өңірлерді дамытуға арналған бағдарламалардың біздің ауданда да кезең-кезеңімен іске асып, бірқатары тұрғындар игілігіне беріліп үлгергендігіне куәміз. Соның бір дәлелі 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған тұрғын үйлер бар. Оның бірі Әйтеке би кенті, Ерімбет Көлдейбекұлы көшесі №192 учаскесінен 108 пәтерлі 6 жалдамалы көпқабатты тұрғын үй болса, екіншісі 2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы негізінде аз қамтылған көпбалалы отбасылары үшін Әйтеке би кенті, 2 квартал аумағынан 36 тұрғын үй. Аталған тұрғын үйлер кезектілікте тұрған баспанаға мұқтаж азаматтарға беріліп, сатып алу құқығынсыз жалға берілген.
Баспананың тұрғындарға қолжетімділігін реттеп, түйткілдің түйінін тарқату оңай жұмыс емес екені айқын. Үкіметтен қолдау күткен үміттілердің барлығын үй-жаймен қамтып, қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру бір демде шешіле қоятын шаруа еместігін көпшілігі түсінсе де, кейде тағатсыздық танытады. Бірақ сала мамандары бұл мәселенің белгіленген реттілікпен іске асатындығын қадап айтты. Олардың айтуынша, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңының 74 бабының 1 тармағына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек тәртібімен беріледі. Сондай-ақ аталған баптың 3-тармағында көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылатыны көрсетілген, – дейді бөлім әдіскері Мұхтар Айжарықұлы.
Бөлім әдіскерінің сөзіне сенсек, төмендегі тұрғын үйлер де заң талаптарына сәйкес кезектілік тәртібін сақтай отырып, аудандық тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде берілген. Яғни 2020 жылы «Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ арқылы «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және салу, реконструкциялау» бағдарламасымен облыстық бюджеттің ішкі қарыздары есебінен 382,0 миллион теңггеге салынған Әйтеке би кенті, 5 квартал аумағынан кредиттік 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үй жоғарыдағы реттілік бойынша тұрғындарға табысталған еді.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде баспанамен қамтамасыз ету қажеттілігі – басты мәселе екені даусыз. Бірақ аудан тұрғындарын толғандырған толғақты мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатқандығын да айта кеткен жөн болар. Күн тәртібінен түспей тұрған баспана мәселесі ауданда байыппен шешіліп келеді десек артық айтқандық емес. Себебі ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін жаңа пәтерлерді сатып алу мақсатында Қазалы ауданы бойынша алаңы 70,0 шаршы метрден кем болмайтын 50 пәтер (2 пәтерлік – 25 үй) сатып алуға республикалық бюджеттен 480,0 миллион теңге қаржы бөлінген. Бүгінде соның негізінде инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтылған аймақтардан әр пәтерге 600,0 шаршы метрден жер учаскесі белгіленді. Қазіргі таңда, үй салатын кәсіпкерлер мен мердігерлер жасақталып, үйлердің құрылысы басталып кеткен. Демек «баспаналы болсам деген үміті басым» бірқатар қазалылықтардың жақын арада қоныс тойын тойлайтын күні алыс емес деуге болады. Бұйырса сол жақсы жаңалықтың жаршысы болуға жазсын.

Арайлым ЖҮСІПОВА
---
06 маусым 2023 ж. 282 0

Тікұшақ апатқа ұшырады

06 қаңтар 2025 ж. 43

Жаңа әкім тағайындалды

06 қаңтар 2025 ж. 104

95 көлік соқтығысы

06 қаңтар 2025 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031