
Қара жәшік: Өмір мен өлім
Жазғы каникул. Әке-шешеміз бұл жолы бізді қалаға қыдыртпады. Ақшаның ыңғайы болмады ма, әйтеуір «демалыс бітемін дегенше бірер күнге апарып қайтамыз» дегені бар. Жаз бойы үйде, ауылда болған соң тапа тал түстен қара кешке дейін ойынның соңында жүрміз. Мен тіпті кішкентаймын. Үйдегі баланың үлкендері қайда...