Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнай бағасы әлемдік нарықта қарыштап өсуде

Мұнай бағасы әлемдік нарықта қарыштап өсуде

pixabay.com
Қақтығыс Қазақстан экономикасына, инфляция мен теңге бағамына әсер етуі мүмкін. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемдік нарықта мұнай бағасы соңғы күндері күрт өсті. Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай бір баррелі шамамен 80 АҚШ долларына саудалануда.
Investing.com деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай бағасы 28 ақпаннан бастап, Батыс Азиядағы әскери қақтығыс салдарынан 9%-дан астам көтерілген. Кейбір сарапшылар бағаның алдағы уақытта барреліне 100 доллардан асып кетуі мүмкін екенін ескертуде. Иран Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 20%-ы өтетіндіктен, қақтығыстың шиеленісуі бұл бағытты жауып қою қаупі туғызуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, Персид шығанағының негізгі мұнай жеткізушілері – Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, БАӘ және Иран – басқа теңіз жолдарына ие емес, бұл оларды Азия нарығына негізгі экспорттаушыларға айналдырады. Егер Иран бұғазды танкерлерге жауып тастаса, бұл әлемдік жеткізілімге ауыр соққы болып, мұнай бағасының күрт өсуіне әкелуі ықтимал. Дегенмен, бағаның көтерілуін тежей алатын фактор ретінде мұнай өндіру көлемін арттыру көрсетіледі. ОПЕК+ құрамындағы елдер, соның ішінде Қазақстан мен Ресей, 2026 жылғы сәуірден бастап өндіруді көбейтетінін бұрын хабарлаған еді. Сарапшылар сондай-ақ бұл жағдайдың Қазақстан экономикасына, теңге бағамына және инфляцияға әсер етуі мүмкін екенін ескертуде.

03 наурыз 2026 ж. 179 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930