Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран маңызды мәлімдеме жасады

Иран маңызды мәлімдеме жасады

Генерал-майор Иранның мемлекеттік телеарнасында сөз сөйлеген.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Иран Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін жапты және одан өтуге тырысқан кез келген кемеге шабуыл жасауға дайын. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусы қолбасшысының кеңесшісі генерал-майор Ибрагим Джаббари айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 
Генерал-майор Иранның мемлекеттік телеарнасында сөз сөйлеген. Джаббаридің айтуынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне рұқсат берілмейді.
"Ормуз бұғазы жабық. Біз одан өтуге тырысқан кез келген кемеге шабуыл жасаймыз. Бұғаздан өтуге әрекеттенген кемелерді Революциялық гвардияның Әскери-теңіз және Құрлық күштерінің сарбаздары отқа орайтын болады", – деді Ислам революциясы сақшылары корпусы қолбасшысының кеңесшісі.
Ибрагим Джаббари бұл аймаққа аттап баспау қажеттігі туралы да ескертті. 
"Мұнай бағасы 82 доллар болды. Әлем оның 200 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін күтіп отыр. Біз мұнай құбырларына шабуыл жасап, өңірден бір тамшы да мұнайдың шығуына жол бермейміз", – деді ирандық генерал.
Бұғаз арқылы мұнай мен сұйытылған табиғи газдың шамамен 20 пайызы Парсы шығанағы елдерінен тасымалданады.


03 наурыз 2026 ж. 36 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 62

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031