Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды

Көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтар біріктірілді. Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды. Президент тиісті заңға қол қойған болатын.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтар біріктірілді. Яғни, енді екі салық бірыңғай төлеммен төленеді.
Бұдан бөлек, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастауға оны жинауға кететін шығынның бірнеше есе асып түсуі себеп болды. Салықтың мөлшері өте төмен, 8 теңгеден 20 теңгеге дейін, ең көп дегенде 100 теңге шығады.
Алайда квитанция толтырып, комиссия төлеу керек, яғни әкімшілендіру оңай емес. Сондықтан ұлттық экономика министрлігі адамдарды бұл салықтан босатуды ұсынған болатын. Осылайша, көппәтерлі тұрғын үйде баспанасы бар 1 миллион азамат жер салығын төлемейді.
---
05 қаңтар 2021 ж. 412 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 17

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930