«Су сәбиді шынықтырады»
Суға жай сүңгіп шыққанның өзі денені әжептеуір сергітіп тастайды. Ал жүзген кезде барлық денеге, жүйкеге салмақ түсіп, айтарлықтай әсер етеді. Физиологтар суда малтуды «тыныс алу гимнастикасы» деп атаған. Су бетіндегі ұсақ иондар тыныс жолдары арқылы денеге еніп, өкпе, жүрек сияқты органдардың атқаратын жұмысын жеңілдетеді. Балалардың арқа, бел, омыртқа жотасы қисайып кеткенде не күдіс жауырын, еңкіш болғанда, суда жүзу теңдесі жоқ емдеу әдісі болып табылады. Себебі, жүзу барысында бұлшық еттердің бәрі де қимылдайды.
Бүгінде елімізде сумен жасалатын емдік процедуралардың түр-түрі бар. Ал біздің ауданда жуырда ғана «BabySpa» балалар гидромассаж орталығы ашылды. Орталық аз уақыт ішінде бірнеше бүлдіршінге қызмет көрсетіп үлгерген. Тұрғындар үшін тың дүниенің қыр-сыры мен пайдасын орталық басшысы Надира Аманкелдіқызынан білдік.
– Надира Аманкелдіқызы, гидромассаж туралы жалпы түсінік беріп өтсеңіз...
– Қазіргі таңда жаңа туылған сәбилер арасында гипертонус, гипотонус, гипоксия, кіндік грыжасы, дисплазия, кривощея сынды туа бітті және жүре пайда болған диагноздар көптеп кездесуде. Яғни осы диагноздағы балаларға гидромассаждың пайдасы зор. Жалпы дені сау сәбилерге де қолдануға болады.
Сонымен қатар ДЦП, ЗПР, ЗРР, аутизм балаларға, яғни қол массажын ұнатпайтын балаларға жақсы процедура болып табылады. Гипертонус, гипотонус, гипоксиясы бар балаға, босану кезіндегі қиындықтар: омыртқаның, мойынның қисаюынан зардап шеккен балаларға көмегі мол. Қан айналым жақсарады, ұйқысы дұрысталады. Жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйесін нығайтады, баланы тыныштандырады. Жүйке жүйесінің күйін қалпына келтіреді, иммунитті көтереді. Іш кебуіне көмегі зор, асқазан-ішек жолдарының жұмысы реттеледі, баланың тәбеті ашылады.
Гидромассаж – су ағынымен жасалатын массаж. Су бұрқақтары арқылы бұлшықеттерге және денедегі басқа жұмсақ тіндерге массаж жасауға көмектесетін су мен қысымды ағындарды қолдануды қамтитын емдік әдіс. Бұл әдіс кейде басқа атаулармен де жүреді, мысалы гидротерапия, су терапиясы, акватерапия.
Гидромассаж кезінде бала су астынан көпіршіктері, түрлі-түсті шамдармен жасақталған, бала суда еркін қимылдап жүзеді. Бала мойнына дөңгелекше тағылып, сол аралықта үлкен ересек адам спортпен айналысқан сияқты кішкентай сәби де қол-аяқтарын қимылдатып кішігірім сәбиге спорт болады.
– Бұл салада арнайы біліміңіз бар ма?
– Негізі аудандық білім бөлімінде жұмыс жасаймын. Психолог, дефектолог, логопед мамандардың әдіскерімін. Өкінішке орай қазіргі таңда логопед, дефектолог мамандардың көмегіне жүгінетін балалар саны артып келеді. Жұмыс барысында іздене жүріп, осындай массаж түрінің бала денсаулығының дамуына айтарлықтай үлес қосатынын білдім. Сол себепті орталық ашуды жөн санадым. «Балалар массажы» бойынша 150 сағаттық оқыту курсын меңгеріп, арнайы куәлік алдым. Өзім жұмыстан тыс уақытта балаларға массаж жасаймын. Орталықта тұрақты массажист маман бар.
– Гидромассажға неше жастағы балаларды қабылдайсыздар?
– Жоғарыда айтып өткенімдей бұл сәбидің денсаулығы үшін пайдалы әрі тиімді процедура. Су ағындары баланың денесіне жұмсақ әсер етеді, денені мойыннан өкшеге дейін уқалайды. Осындай қамқорлық әсерінің арқасында бұлшықет тонусы қалыпқа келеді. Сондықтан ерте жастан, яғни, 2 айдан 1 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
– Емдік шара қанша уақытқа созылады?
– Бала гидромассажда 10-15 минут уақыт аралығында болады.
– Судың құрамында не бар?
– Баланы гидрованнаға түсірер алдында су фильтрленген таза су құйылады, әр баладан кейін міндетті түрде ауыстырылады. Қажетті сұйықтықпен іші тазаланады. Судың құрамына (Морской соль) тұз қосылады.
Ашылғанымызға 2 ай болды. Осы уақыт ішінде 30 шақты балалармен жұмыс жасап, түрлі диагнозда және профилактика үшін 10 күндік сеанс қабылдаған балалар болды. Әрине нәтижеге қол жеткізіп үлгердік. Ата-ананың алғысына бөленудеміз.
– Істеріңіз берекелі болсын.Сұхбаттасқан,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА