Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тарихи мекенде тындырымды тірлік бар

Тарихи мекенде тындырымды тірлік бар

– Нәби Мәлиұлы, Жанкент дегенде сонау оғыз дәуіріне тән көне қала ойға оралады. Оның бергі жағында округтің құрылып, іргесін тіктеуінде маңызы бар түрлі оқиғалар барын көбіміз біле бермейміз. Сол жердің басшылық тізгінін ұстап отырған азамат, төл перзенті ретінде ауылдың қысқаша тарихы туралы оқырмандарды хабардар етсек...
– Дұрыс айтасыз, Өркендеу мен Жанкентті бөліп алып қарауға болмайды. Шежірелі шаһар тынысының тоқтағанына сан уақыт өтсе де, тарих көмбесі, сана зердесінен ол ешқашан өшпейді. Жанкент атауының сол жерді қазір мекен етіп отырған ұрпағымен қайта қауышуының өзі бүгінгі буынның өткенге құрметі, тарихқа тағзымы деп түсінуге болады.
Жанкент ауылы аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта, Ұлы Жібек жолы басып өтетін, түркі елдеріне ортақ тұлға Қорқыт бабамыз бен әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби мекендеген Жанкент шаһары маңында орналасқан.
Бертін келе «Өркенді», «Екпінді», «Жанкент», «Чкалов» колхоздарының бірігуінен пайда болған.
1950 жылы ВКП (б) Орталық комитетінің қаулысы бойынша 4 колхоз ірілендіріп, біріктіліріп, Ф.Энгельс колхозы құрылды. Колхоздың басқармасы болып Әбілда Тобаев сайланды. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын дамыту үшін колхоз мүшелері аянбай еңбек етеді. Сол жылдары күріштен мол өнім алған колхоз мүшесі, даңғайыр диқан Иса Жарылқағанов «Ленин» орденімен марапатталады.
1963 жылы Ф.Энгельс, М.Горький және Жданов колхоздары біріктіріліп, Ф.Энгельс совхозы құрылады. Орталығы Қожабақы елді мекенінде болады. Жанкент ауылы Ф.Энгельс совхозының бөлімшесі болып жұмысын жалғастырады.
1968 жылы КПСС орталық комитетінің қаулысымен Ф.Энгельс совхозынан бөлініп, өз алдына дербес Өркендеу совхозы болып құрылады.
Округ орталығы Жанкент елді мекені 2014 жылы облыс әкімінің шешімімен тіректі елді мекендер тізіміне енген.
2018 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы, Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен Өркендеу ауылының атауы «Жанкент» ауылы болып өзгертілді.

– Ауылдың бүгінгі жағдайы жайлы білсек...
– Округ орталығында тұрғылықты 1328 адам 319 отбасында тұрады.
250 орынға арналған, 2009 жылы типтік жобада салынған №104 орта мектеп жұмыс істейді.
1992 жылы пайдалануға берілген №5 «Аққоян» бөбекжай-балабақшасының 4 тобында 90 бала тәлім алуда.
Жаңа Жанкент ауылдық амбулаториясының күндізгі стационарда 11 адам емделеді.
Сондай-ақ ветеринариялық пункт, ұзындығы 5 шақырым, қуаттылығы 21,225 шақырым топтық су құбыры бар.
– Тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағыттайтын мәдени кешендер мен бұқаралық спортты дамыту жайы қандай?
– Жанкентте 1989 жылы салынған ауылдық клуб үйі 150 көрерменге қызмет көрсете алады. Өнер ұжымында ән, би, драма, домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Осы ғимаратта орналасқан рухани мәдени орынның бірі – ауылдық кітапхана қоры 27005 кітаптан тұрады.
Ауылда бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлінген. Осы бағытта салынған спорт алаңы 2012 жылы пайдалануға берілді. Бүгінде тұрғындардың 32 проценті бұқаралық спортпен шұғылданады.
Халықты иман мен бірлікке шақырып, туралыққа тәрбиелейтін, 50 адамға арналған «Жолмырза-Ата» мешіті 2010 жылы, осыдан он бір жыл бұрын халықтың күшімен және Жолмырза ата ұрпақтарының демеушілігімен салынып, пайдалануға берілді. 108345,0 мың теңге қаржыға Орталық саябақ пен Жастар бағына абаттандыру жұмыстары жүрді. Ауылға кіре-беріс қақпа салынды. «Ер-есімі, ел-есінде» ескерткіш тақтасы қайта жаңғыртылды.
Ұлы Отан соғысынан оралмаған, тылда еңбек еткен және халық шаруашылығын көтеруде қажырлы еңбек еткен, 500 ауыл азаматтарының тізімі мәрмәр тақтаға жазылып ілінді.
Жастар бағына іс-шара өткізілетін сахна, «Бик-Бен» сағаты орнатылды. Ауыл тұрғындары демалатын орындықтар қойылып, жолдарға тас төселді.

– Кәсіпкерлік – уақыт талабы. Бұл бағыттағы беталыс қандай?
– Округте 56 шағын және орта кәсіпкерлік субьектісінің 1-уі ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі болса, 11 шаруа қожалығы, 44-і түрлі бағытта халыққа қызмет ұсынған жеке кәсіпкер. Олардың қатарында аралас заттар дүкені, ­жолаушылар тасымалы, наубайхана, 5 мал шаруашылығы, әртүрлі қызмет көрсету саласы бар.
2021 жылдың 8 айында ауылдық округ бойынша 7 жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмысын бастаған. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2020 жылы құны 24,4 миллион теңгені құрайтын 15 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде несие бойынша 17,7 миллион теңгеге 3 жоба қолға алынса, грант бойынша 6,7 миллион теңгеге 12 жоба мақұлданған.
2021 жылдың 8 айымен мемлекеттік бағдарламалар бойынша құны 19,4 ­миллион теңгеге 6 жоба қаржыландырылды. Бұл мақсатта 1 шаруа қожалығы «Қазалы несие» серіктестігі арқылы жылқы шаруашылығы бойынша 13 миллион теңге және бір жеке кәсіпкер ірі қара мал шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы қолдау қоры арқылы 4,0 миллион теңге несиеге қол жеткізген. Төрт ауыл тұрғыны көпбалалы отбасыларға арналған құны 583,4 теңге қайтарымсыз грант жеңіп алды.
– Демек, ауыл тұрғындары «жұмыс жоқ» түсінігін түбегейлі бұзып, өз бейімділіктеріне орай күнкөріс қамын жасауда. Осы орайда жұмыссыздық жайы ойға оралады. Жастарды ауылда ұстап қала аламыз ба? Тақырып туралы өзіңізден естісек...
– Бүгінгі ақпарға ден қойсақ, біздегі жұмыспен қамтылған халық саны – 643 адам, жұмыссыз халық саны – 30. Оның ішінде: 21-30 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны – 6.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Стартап» жобасы бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы бір ауыл тұрғыны тігін ісі бойынша грант жобасына орай 583,4 теңге ақша қаражатын күтуде.
Аталмыш бағдарлама аясында көпбалалы аналарға арналған грант жобасы бойынша 2 көпбалалы жұмыссыз ана 583,4 теңгеден жобаларын сәтті қорғап, қайтарымсыз грант қаражатына қол жеткізді. Бұл мемлекеттік бағдарламаның екінші бағыты, ­«Бастау бизнес» жобасы бойынша екі ауыл тұрғыны оқуды аяқтап, сертификатын алды. Аталған оқуға 8 ауыл тұрғыны кезектілікке қойылған.
Жыл ішінде 20 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, қос отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Жастар тәжірибесіне, барлығы 2 жас маман мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылса, 5 жас тұрақты жұмыс тапқан. Әлеуметтік жұмысқа бір ауыл жасы жеке кәсіпкердің аралас заттар дүкенінен жұмыс тапқан. 8 жұмыссыз кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз-өздерін тұрақты жұмыспен қамтуда.
– Ауыл дегенде көз алдымызға ондағы елді азық-түлікпен қамтып отырған қалың қауым елестейді. Сіз басқаратын елді мекеннің негізгі тіршілігі қандай?
– Ауылдық округтің жер қоры –25431 гектар. Оның 9266 гектарын жайылымдық жер құраса, 2580 гектары шабындық, 2150 гектары егістік.
Округ көлемінде 5 ауыспалы егіс алқабы орналасқан. «Мерей» шаруа қожалығы, «Сыр маржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егін егеді.
2021 жылы біздің ауылдан «Мерей» шаруа қожалығы 500 гектар күріш дақылын жинаса, 150 га жаңа жоңышқа екті. «Сыр маржаны» ЖШС 508 гектар алқапқа күріш дақылын орналастырып, 90 гектар көне жоңышқаны күтімге алды.
Елді мекен бойынша 45 ауыл тұрғыны 15 гектар жерге бақша және әртүрлі көкөніс түрлерін егуде.
Қазіргі уақытта ауылдық округ бойынша 2183 бас ірі қара малы, 1429 бас қой, 1741 бас ешкі, 1429 бас жылқы, 77 бас түйе бар.

– «Ауылына қарап азаматын таны» дейді. Соңғы жылдары шежірелі шаһардың бүгінгі ізбасары Жанкентте жаңғырған, жаңашыл өзгерістер орын алғанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Жүзеге асқан жұмыстар туралы газет оқырмандарына айтып өтсеңіз...
– Өркендеу ауылдық окургінде уақыт ағымына ілескен өркенді жұмыстар бар. Үстіміздегі жыл Қазақстан ­Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейлі кезеңіне жақсы табыспен жетіп отырмыз. Тарихи мекенде тындырымды тірлік бар.
2021 жылы Ж.Байқадамов, Ғ.Мұратбаев көшелеріне асфальт, Сарыкөл және Жылуан көшелеріне қиыршықтас төселіп, 62262,6 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы ұзындығы 1,0 шақырым Жанкент көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жоба сметалық құжаттары жасалған.
Қазалы ауданының елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету іс-шара жоспарына сәйкес, Өркендеу ауылдық округінде 2022 жылға электр желілерінің ұзындығы 14 шақырым ішкі желі, 4 дана трансформаторларды және 2,2 магистральды желілерді аудандық электр торабы тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Елді мекендегі №104 орта мектепті әр жылдарда бітірген түлектердің күшімен ауылдық мешіт жанынан 150 орындық асхана, қараша үй салынып берілсе, Жанкент ауылының әлеуетін көтеруде аянбай еңбек етіп, тер төккен 514 азаматтың тізімі мәңгілік тақтаға жазылып қойылды.
Сонымен қатар, Жанкентте туып өскен Ұлы ойшыл Қорқыт баба, би және батыр Сырлыбай Шабақұлы, академик, медицина ғылымының докторы Бегалы Әйтмембетов және қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебайұлының жас ұрпаққа өнегелі, өсиет сөздері тұрғындар көп жиналатын «Орталық саябаққа» аллея ретінде орналастырылды.
– Уақыт тауып, сұрақтарға жауап бергеніңізге рахмет! Ісіңізге береке тілейміз!
Сұхбаттасқан
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
23 қараша 2021 ж. 471 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930