Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілсіз жаудың алдын алу: Сабалақ елді мекенінің тұрғын үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды

Тілсіз жаудың алдын алу: Сабалақ елді мекенінің тұрғын үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды

Өткен жылу беру маусымында облыс аумағындағы тұрғын секторларда 120 өрт оқиғасы орын алған. Орын алып жатқан жағдайлар көбінесе “тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен немесе балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болуда”,- дейді мамандар.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» шарасы аясында әлеуметтік осал тұрғындардың, оның ішінде жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар тұрғындардың жылыту пештеріне жөндеу жүргізу және қатты отынмен жылитын үйлердің түтін мұржаларын тазалау жұмыстары бастау алды. Тілсіз жаудың алдын алып, келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында департамент тарапынан тиісті үнпарақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары тиянақты жүргізілуде. Кезекті профилактикалық жұмыс Сабалақ елді мекенінде өткізілді.
- Әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлеріне жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 484 дана табиғи газды анықтайтын датчиктер орнатылды. Аталған датчиктер тұрғындардың улы газдан улану фактілерінің алдын алуға көмектеседі. Әр аптаның сенбі күндері облыс бойынша Полиция департаменті мен түрлі волонтерлық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстары атқарылды.Барлығы 8000-нан астам тұрғын секторын аралау арқылы 31 000 тұрғынға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Көп қабатты тұрғын үй аулаларында 2000-нан астам тұрғынды тарту арқылы 132 рет кездесу ұйымдастырылып, электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану барысындағы өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірілді,- деді Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асхат Плалұлы.
20 қазан 2025 ж. 205 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 38

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031