Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 317–337 теңге аралығында: Қазақстанда жанармай бағасы бекітілді

317–337 теңге аралығында: Қазақстанда жанармай бағасы бекітілді

Сурет: energyprom.kz/
Еліміздегі жанармайдың бағасы белгілі болды.
Қазақстанда автожанармай құю стансаларындағы жанар-жағармай бағасы 16 қазан деңгейінде бекітілді. Бұл — АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынына қатысты шешім, деп хабарлайды
KYN.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Энергетика министрлігінің сайтында хабарланғандай, енгізілген уақытша мораторийдің негізгі принципі – АИ-92 бензині мен дизель отынының бөлшек сауда бағасын автожанармай құю стансаларында (АЖҚС) 2025 жылғы 16 қазандағы деңгейде сақтау. Ел аумағында бірыңғай шекті баға белгілеу қарастырылмаған. Мұндай икемді тәсіл нарықтағы бәсекелестікті сақтап қалуға мүмкіндік беріп, операторлар арасындағы баға айырмашылығын түсіндіреді. Қазіргі таңда ірі жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы литріне 213–239 теңге, дизель отыны 317–337 теңге аралығында.
Энергетика министрлігі жағдайды тұрақтандыру мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, алдын алу шараларын қолға алғанын мәлімдеді.
"16 қазанда ірі көтерме жеткізушілер мен жанармай құю станциялары желілері басшылары қатысқан кеңес өтті. Кеңесте үкіметтің ЖЖМ бағасын одан әрі көтеруге жол бермеу жөніндегі нақты ұстанымы жеткізілді. БҚДА тарапынан күнделікті мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда монополияға қарсы шаралар қабылданатын болады", - делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, елімізде жанармай қоры 3–4 аптаға жеткілікті деңгейде және тұрақты толықтырылып отырады. Қазіргі таңда АИ-92 бензинінің көлемі 341 мың тоннаны, дизель отыны – 405 мың тоннаны құрайды.
"Бұл көрсеткіштер бағаның тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Екі отандық мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуден кейін 25 қазаннан бастап кезең-кезеңімен іске қосылады, бұл нарықтағы теңгерімді нығайтуға септігін тигізеді. Энергетика министрлігі мораторийдің сақталуын бақылап, аймақтық штабтар мен нарық қатысушылары арасында үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Нарықтағы жағдай үкіметтің жіті бақылауында", - деп қосты министрлік өкілдері.

19 қазан 2025 ж. 271 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031