Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда цифрлық деректердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

Қазақстанда цифрлық деректердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

Фото: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев 2025 жылғы 20 қазанда Сенаттың кулуарында төтенше жағдай (ТЖ) туындаған жағдайда цифрлық деректердің жоғалу қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 26 қыркүйекте Оңтүстік Кореяда болған өрт салдарынан 858 терабайт мемлекеттік дерек жойылған еді. Осыған байланысты журналистер Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе деп сұрады.
"Бізде мұндай жағдайларға арналған резервтеу жүйесі, маңызды ақпараттық жүйелердің сақтық көшірмелері (бэкаптар) қарастырылған. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, деректер көлемі үнемі өсіп отырады. Сондықтан біз қуатты арттырып, инфрақұрылымды үнемі жетілдіріп отыруымыз қажет. Яғни негізгі серверлер, "ыстық" және "суық" резервтер болуы тиіс. Мемлекетіміздің өзіне тиесілі деректерді өңдеу орталықтарының (ЦОД) желісі бар. Сондай-ақ квазимемлекеттік секторда да осындай орталықтарды жалға алу мүмкіндігі бар. Сол себепті біз деректердің сақталуын қамтамасыз етуге бар күшімізді салудамыз", – деді Жаслан Мадиев.
Министрдің айтуынша, жеке және заңды тұлғалардың дерекқорларын қоса алғанда, маңызды ақпараттық жүйелердің резервтік көшірмелері де жасалған.
Бұған дейін Қазақстанда барлық мемлекеттік мобильді қосымшаларды бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл бастаманы премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Цифрлық штаб мақұлдаған.


20 қазан 2025 ж. 115 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031