Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ең жасы – 20, үлкені – 64 жаста": Украинаның “Хочу жить” жобасы соғыста қаза тапқан 270 қазақстандықтың есімін жариялады

"Ең жасы – 20, үлкені – 64 жаста": Украинаның “Хочу жить” жобасы соғыста қаза тапқан 270 қазақстандықтың есімін жариялады

Фото: verity.news
Украинаның “Хочу жить” жобасы Ресей тарапынан соғысып, қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған 270 қазақстандықтың есімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Украиналық жоба авторларының мәліметінше, қаза тапқандар мен жоғалғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін.

“Бұл тізім толық емес және барлық деректерді қамтымайды. Шын мәнінде қаза тапқандар мен жоғалғандардың саны бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Біз барлығы 270 қазақстандықтың жеке басын анықтай алдық. Олардың өмірін Ресейдің соғысы жалмады. Ең жасы – 2005 жылы туған Андрей Богомолов, қаза тапқанда небәрі 19 жаста болған. Ең үлкені – 64 жастағы жалдамалы сарбаз Александр Ялфимов, 254-мотоатқыштар полкінің мүшесі”, – делінген хабарламада.

Фото: Telegram-арна “Хочу жить”
Бұл соңғы жарты жылда жарияланған үшінші тізім. Бұған дейін “Хочу жить” жобасы алғашқы екі тізімді 1 сәуір және 25 шілде күндері жариялады.

“Ресей билігі Украинаға қарсы соғысқа жалдамалы сарбаздарды 2023 жылдың бірінші тоқсанынан бастап тартып жатыр. Бұл Ресей әскерінің басқыншылықтың алғашқы жылында адам шығынының көп болуымен байланысты. Тіпті мобилизация шаралары да бұл олқылықтың орнын толтыра алмады. Сол себепті Ресей Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтарын соғысқа белсенді түрде тарта бастады. Азаматтарды әскерге шақыру үш жолмен жүзеге асырылады: алдау, жалған уәде беру және қорқыту арқылы. Біреуіне зауыттан жұмыс ұсынып, алдаса, енді біріне ай сайын жоғары жалақы мен Ресей азаматтығын беруге уәде етеді. Ал үшіншілерін, түрмеге жабу немесе депортациямен қорқытады”, – делінген хабарламада.

тізімде қазақстандықтарФото: Telegram-арна “Хочу жить”

Бірінші тізім жарияланғаннан кейін Қазақстан елшісі Бауыржан Бегәлімов Украинадағы әскери тұтқындар мәселесі жөніндегі үйлестіру штабының өкілдерімен кездескен. Сол кезде қазақстандық тарап түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жалдамалыларға қатысты тергеу басталатынын айтқан.

Ресей тарапы қазақстандықтарды соғысқа тарту ауқымын белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Путин режимі жаңа аумақтарды басып алу жолында адам өмірін сатып алуға ақша аямай отыр. Тек 2025 жылдың алғашқы алты айында кемінде 529 Қазақстан азаматы Ресей Қарулы күштерімен келісімшартқа қол қойған”, – делінген жобаның хабарламасында.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады:

Қылмыстық кодекстің 172-бабы (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша, егер Қазақстан азаматы өз еркімен шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысса 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады;

Ал 170-бап (Жалдамалылық) бойынша, ауырлық дәрежесіне қарай 7 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, азамат Қазақстан азаматтығынан айырылуы және мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін "Хочу жить" жобасы соғысқа кеткен қазақстандықтардың есімдерін жариялағанеді. Кейін Қазақстанның Украинадағы уақытша сенімді өкілі Ермек Катренов пен консул Бауыржан Бегәлімов Киевте әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру штабының өкілдерімен кездескен.
19 қазан 2025 ж. 114 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031