Көп күттірген көгілдір отын
Қазалы ауданына көгілдір отын желісінің жеткізілгеніне де біршама уақыт өтті. Содан бері кент тұрғындары от жағып, күл шығару машақатын ұмытты. Ауданның экологиялық ахуалы да біршама жақсарып қалғанын айтпай кетуге болмас. Алайда Қазалы қаласы мен ауыл адамдары да аталған игіліктің шарапатын көргісі келетіні анық. Ол үшін бірнеше елді мекеннің жоба-сметалық құжаттары жасақталып, ұсыныс ретінде жолданған. Соның нәтижесінде бейсенбі күні Ғ.Мұратбаев ауылында газ құрылысы басталды.
Алдымен ауыл тұрғындары алдында сөз алған аудан басшысы Мұрат Ергешбаев қазіргі карантин жағдайы мен дағдарыс жайында әңгіме өрбітті. Осындай қиын кезеңде туған жерге тағзым етіп, жобаның іске асуына сүбелі үлесін қосқан Шымкент қаласындағы “ЮгГазПроект” серіктестігінің басшысы, Қазалы топырағының тумасы Жылқайдар Тәңірбергеновке аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді. Кәсіпкер аталған жобаның жоспарын тегін жасап, сол арқылы аудан бюджетінен төленуі тиіс 25-30 миллион теңге қаржыны үнемдеп берген.
– Бүгінгі күн, расында да, сіздер үшін үлкен мереке. Өйткені бұл қуанышты сәтті талай жылдар асыға күттіңіздер. Үмітті істің қайыры бар, міне, сол армандарыңыз орындалып отыр. Енді аз ғана уақыттан кейін құрылыс жұмыстары аяқталып, көгілдір отынды пайдаланатын сәт алыс емес, – деді аудан басшысы.
Бұл уақытта газ қондырғыларын орнату ісін жеңіп алған мердігер компания “Сапақ” өндірістік кооперативінің жұмысшылары да жерге алғаш күрек салды. Олар жоспар бойынша бөлінген 240 миллионға жуық қаржыны 5 ай ішінде игеріп, аяқтайтындарын айтып отыр. Сонымен бірге ауыл тұрғандарының тұрғынжайларына дейін орнатып беру үшін жеңілдіктер ұсынатын болады. Мұрат Нәлхожаұлы ауылдық округ әкімі Абай Рыстығұловқа осы мәселені халық сұранысына назар аудара отырып, реттеп беруді тапсырды.
Бұдан кейін ауыл тұрғындары қазақы ырымды ұмытпай, құрбандыққа мал шалды. Ауыл үлкендері батасын беріп, тұрғындар тілегін орындауға атсалысқан барлық атқамінерлерге алғыс білдірді.
Айта кету керек, биыл Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 42 жоба жүзеге асырылғалы отыр. Соның төртеуі Мұратбаев ауылында жүргізілуде. 500 миллионнан астам қаражатқа жергілікті балабақша жөндеуден өтіп, тағы да 7 көшеге асфальт төселуде. Онымен қоса ауылға баратын “Ақарық” каналын тазарту ісі де жүріп жатыр.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ