Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық киім-мәдени мұра мен жаңашылдықтың үйлесімі

Ұлттық киім-мәдени мұра мен жаңашылдықтың үйлесімі


фото:автор
 Қазақтың ұлттық киімі – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің айнасы. Әр оюы мен өрнегі, әрбір тігісі халқымыздың өмір салты мен дүниетанымын көрсетеді. Бүгінде жаһандану дәуірінде ұлттық киімдер тек музей жәдігеріне айналып қана қоймай, заманауи сән әлеміне де сіңісіп келеді. Қазіргі дизайнерлер қазақи элементтерді қолданып, ұлттық мұраны жаңа трендтермен үйлестіруде.
 Бұрын қазақтың ұлттық киімдері көбіне той-томалақ пен мерекелерде ғана киілсе, қазір күнделікті өмірде де қолданылатын сәнді үлгілер пайда болуда. Мысалы, жейде мен көйлектерге ою-өрнекпен кестеленген элементтер қосылып, кәдімгі street style-мен үйлесуде. Қазақтың дәстүрлі өрнектері кроссовкалар, футболкалар, капюшонды жейделер (худи) сияқты жастар сүйіп киетін киімдерге енгізілуде. Мұндай стильді тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де бағалай бастады.Ұлттық киімдер ұсынатын қазақстандық брендттердің көбейіп келе жатқаны да бәрімізге белгілі.Сапалы матамен жұмыс істеп,әр ұсақ – түйекке көңіл бөліп тұтынушылардың көңілінен шығуда. Заманауи стильдегі шапандар және былғарыдан тігілген ұлттық нақыштағы аксессуарлар жастар көңілінен шығуда. Қазірде "qazaq.republic", 'basqa.wear',' bq_brand' және тағыда басқа брендтер сәнқойлар арасында танымал. Ұлттық киім – жай ғана стиль емес, елдің мәдениетінің бір бөлігі және оны күнделікті өмірдің табиғи бөлшегіне айналдыру маңызды екенін атап өтсек.
 Ұлттық киімдердің заманауи трендке айналуы – ұлт мәдениетінің жандануының белгісі. Болашақта бұл бағыт одан әрі дамып, жаңа технологиялар мен материалдарды қолдана отырып, қазақи стильдің кеңінен таралуына ықпал етеді. Дәл осылай өз мәдениетімізді болашақ жас ұрпаққа дәріптеп, ұлттық құндылғымыздың жоғалтпаймыз десемде болады.

Айлуна ЖАҢАБЕРГЕНОВА
01 сәуір 2025 ж. 215 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930