Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1-сыныпқа құжат қабылдайтын күні eGov істен шықты: Цифрлық министрлік себебін айтты

1-сыныпқа құжат қабылдайтын күні eGov істен шықты: Цифрлық министрлік себебін айтты

Министрлік биыл жаңа eGov – eGov 3.0 платформасын іске қоспақ.
Фото: Pixabay
Үкіметте өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин «Жыл сайын 1 сәуірде eGov неге істен шығатынын және ол келесі жылы да қайталанама» деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Иә, бүгін электронды үкімет платформасында қысқа мерзімді ақаулар байқалды. Бұл, ең алдымен, мектепке қабылдау қызметіне өтініш беру кезінде пайдаланушылардың көптігімен байланысты болды. Бірақ айта кетейін, платформа өте қысқа мерзімде қайта қалпына келтірілді, - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, 1-сыныпқа құжат қабылдау қызметін бүгін 15:00-де іске қосу жоспарланған. Яғни сол уақыттан бастап ол толық қолжетімді болады.

Жалпы, eGov – азаматтар электрондық үкіметпен байланыс орнататын «терезе» ғана. Оның артында 2000-нан астам интеграциялық сервис бар, олар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен байланысты. Егер осы сервистердің біреуі істен шықса, ал әрбір мемлекеттік қызмет 5-тен 15-ке дейін осындай сервистерді қолданады, онда оған байланысты барлық қызметтер де уақытша жұмыс істемей қалады. Сондықтан бұл – өте үлкен экожүйе, - деді Ростислав Коняшкин.

Министрлік биыл жаңа eGov – eGov 3.0 платформасын іске қоспақ.

Бұл – толығымен жаңартылған, қайта жазылған портал. Оның кейбір компоненттері өткен жылдың соңында енгізілген, ал қалған бөлігі биыл толықтай жаңартылады. Қазіргі eGov 2013 жылғы технологиялық негізде жұмыс істеп тұр. Шынымды айтсам, ол өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп келеді. Сондықтан біз осы өзгерістерді екі жыл бұрын бастадық, сервистер мен компоненттерді қайта жазып жатырмыз. Биыл сіздер жаңа платформаны көресіздер – ол әлдеқайда ыңғайлы, тұрақты және барлық мемлекеттік органдар мен азаматтар үшін қолайлы болмақ, - деп түсіндірді ол.
02 сәуір 2025 ж. 403 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 132

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031