Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық қызметі салтанатты тойларды тексере бастады

Салық қызметі салтанатты тойларды тексере бастады

Фото: pexels.com
Қазақстанда салық қызметі салтанатты той, мерейтой, корпоратив сияқты іс-шараларды ұйымдастыратын азаматтарды тексере бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Себебі кейбір адамдар бұл қызметтен тұрақты түрде табыс тауып жүрсе де, жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелмеген және салық төлемеген.

2021 жылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Енді әр азамат табысы мен мүлкі туралы есеп беруі тиіс. Салық органдары азаматтардың шығындары ресми табысына сай ма, жоқ па – соны бақылайды.

Кімдерге қауіп бар?
– Той, іс-шара ұйымдастырып, одан ақша табатындар;
– Бірақ ЖК ретінде тіркелмегендер;
– Шығындары (мысалы, зал, техника, әншіге кеткен ақша) ресми табыстан көп адамдар.

Не болуы мүмкін?
– Салық қызметі камералдық бақылау жүргізіп, заңбұзушылық анықтаса, ескерту жібереді;
– 30 жұмыс күн ішінде мәселе шешілмесе, банк шоттары бұғатталуы мүмкін.

Қалай алдын алуға болады?
•Тұрақты түрде іс-шара ұйымдастырсаңыз – ЖК ретінде тіркеліңіз;
•Салық декларациясын уақытында тапсырыңыз;
•Табыс пен шығынды растайтын құжаттарды сақтаңыз;
•Ресми жалақыдан тыс табысты жасырмаңыз.

Жай көмек көрсетсем, мені тексере ме?
Жоқ. Егер тек бір рет, ақысыз көмек көрсетсеңіз – алаңдаудың қажеті жоқ. Бірақ тұрақты табыс болса, міндетті түрде тіркеліп, салық төлеу керек.

Егер сіз тойдан, мерекелік шаралардан жүйелі түрде табыс тауып жүрсеңіз – заңға сай әрекет етіп, ЖК ашып, салық төлеуді ұмытпаңыз. Бұл – өзіңізді артық тексерістен қорғаудың ең тиімді жолы.
02 сәуір 2025 ж. 499 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031