Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дертке дауа қара тұз

Дертке дауа қара тұз

Қазалы ауданында қойнына небір құпия-сырды бүгіп жатқан киелі орындар көп. Мұндағы халық ата-баба рухтарын құрметтеп, зиярат ететін қасиетті жерлер де баршылық. Содан да болар киелі де, қазыналы мекенге балайды. Осындай қастерлі өлкенің табиғат берген сыйларының бірі – қаратұз кені саналады. Ол Қ.Пірімов ауылынан шығысқа қарай 25-30 шақырым қашықтықта орналасқан. Оны жергілікті халық «Қараболат әулие» жері деп атайды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл көне Құмжиек пен Өтебастың ортасындағы маңайда болғандықтан жеңіл көлікпен бір сағатта жетуге болады. Емдік қасиеті бар тұзды көлдің ені – 50-60 метр, ұзындығы 700-800 метр көлемді қамтыған. Балшық пен су аралас табиғи қаратұзға халық шілденің 10-нан тамыздың 10-на дейін түседі.
Қ.Пірімов ауылының бұрынғы тұрғыны Қонысбай Рамазанның мәлімдеуінше, бала кезінде ата-анасы сол маңайды паналап, мал баққан. Ел арасында Қараболаттан соғыстың кезінде үкімет тұз алған деген дерек бар. Жеке адамдар пойызға апарып сатқан деген де алып-қашпа сөздер кездеседі. Бертін келе «РЗА» АҚ ұжымы да осы жерден тұз алған екен. Табиғаттың шеберлігіне таң қаласыз, жердің астынан өздігінен қаратұз шығады. Мұндай қасиетті кен орны жайлы естіген тұрғындар дертінен айығу мақсатында шілде-тамыз айларында барып ем жүргізеді.
Тағы бір ауыл тұрғыны Есімбек Сағымбаевтың сөзінше, Қараболат деген кісі ашаршылық кезінде жертөле қазып отырған. Қаратұзды сатып күн көрген. Алайда, құмды жер болған соң жертөле құлап, үсті көміліп қалған.
«Бұрындары барып емге пайдаланатын адамға бір бөшке тұз-суымен әкеп бердім. Қаратұз кәдімгі сумен жуылмайды, ағып кетеді. Тек өзінің суымен адам бататындай ыдысқа салып, шомылады. Жел қатқанға, қышымаға, тері жараларына, буын ауруларына пайдасы мол. Екі қолымда экземам бар еді. Сол тұзға 1-2 минут ғана малдым. Содан бір қолым толық жазылды. Екіншісінде жара шамалап қалып қойды.
Сондай-ақ, тұзды төрт түлікке берсе, дертінен айықтырады. Аусыл болмайды. Кезінде сол тұзбен малшылар соғым етін тұздайтын болған. Ем қуған адамдар әр жерден барады. Жертөленің орны бар, киізбен қоршап қойған. Ол жерде Қараболаттың кемпірі мен келіні тұрған деседі.
Халықтың айтуынша, кемпір қайтыс болады. Дала салқын, тоң кезі болуы керек. Келіні енесін жертөлеге қойған. Кейін жертөле құлап қалған. Оны білетін адам келіп, сыртын қоршаған. Бірақ кейін аталған жерді ешкім зерттемеген. Басында бейіт жоқ. Қараболат әулие деген ауызекі әңгіме ғана бар», – дейді ауыл тұрғыны.
Құмжиектіктердің сөзіне құлақ түрсек, бұл тұзға арнайылап келіп екі-үш күн басында ем алған ыңғайлы. Жағдайыңа қарай денеге жағып жатса, тіпті төрт күн түнесе де болады. Оның балшығы да дертке дауа дейді жергілікті халық.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 мамыр 2023 ж. 2 238 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 66

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930