Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұз — таптырмас ем

Тұз — таптырмас ем

Күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын тұздың денсаулыққа пайдасы барын білесіз бе?

«Астың дәмін тұз, елдің сәнін қыз келтірер» деген халқымыз тұздың денсаулыққа пайдалы қасиетін ертеден-ақ байқаған. Көне көз қариялардың тұзды иығыңнан үш рет асырып сермесең, барлық аурулар мен жамандықтан аулақ боласың деуі оған деген сенімді білдіреді.
Кәдімгі ас тұзы ауыз қуысы мен тұмауды емдеуге жақсы көмектесетін көрінеді. Тіпті тұзды пайдаланып, буын мен тамыр ауруларынан бастап, артық салмақтан арылуға дейін болады.

Тұзбен емдеудің төмендегідей жолдары бар.
Буын қабынулары мазаласа: артрит, ревматизм, бурсит – 10 проценттік тұз ерітіндісін дайындап, оған дәкені малып, аяққа бірнеше қайтара байлаңыз. Таңылған күйінде 10 сағат тұруы қажет. Ем-шараны екі апта жасау керек.

Қазір қоғамға ортақ мәселеге айналған артық салмақтан да тұз арқылы айығуға болады. Ол үшін 2 келі қайнатылған немесе теңіз тұзын жылы су толтырылған ваннаға салып, сол суға 15 минут шомылыңыз. Мұндай ванна сізге артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Бас ауруын да тұз тоқтатады. Ондай жағдайда тұзды суға дәкені батырып, таңып тастаса, науқастың жағдайы жақсарады және жағымсыз әсерлерді жоюға көмектеседі.

Бір стақан бал мен бір стақан тұз және бір жарым стақан шомыр шырынын жақсылап араластырып, ауыратын жеріңізді сүртсеңіз сүйек пен тамырдағы аурулар ауырсынуы басылады.

Тұзды таңу арқылы терінің шағын аудандарында орналасқан күйіп қалған жерлерді емдеуге болады. Тұздың әлсіз ерітіндісі зақымдалған ұлпалардың тезірек қалпына келуіне ықпал етеді, ісіну мен ауырсынуды жояды.
Түні бойы мазалайтын тіс ауруына ұшырамай, аузыңыздағы маржанды аман сақтағыңыз келсе, әр таң сайын 2-3 кесек теңіз тұзын сору пайдалы. Ол қызыл иекті де жақсартады.

Айымнұр СҮНДЕТОВА:
— Күн жылығанда денемді белгісіз созылмалы қызылқошқыл жаралар басып кетеді. Ем болады деген жердің бәріне бардым. Талай қымбат дәрі-дәрмектерді пайдаланып, септігі тиеді деген шетелдік қондырғының қаншасына уақытымды сарп еттім. «Ауырған адам қиналады» деген. Жақында Сексеуіл стансасы маңындағы шипалы бұлақтың барын естіп, сонда жол тарттым. Суға түсісімен, денемде өзгеріс барын байқадым. Аллаға шүкір, толық айығып кетпесем де, қазіргі жағдайым бірқалыпты. Жолым түссе тағы да барып қайтуды мақсат тұтып отырмын.

Алтынай ҚОСЖАНОВА:
— Дәрігерлер созылмалы буын ауруы — полиартрит деген диагнозды қойғалы 9 жыл уақыт болды. Олардың айтуынша, созылмалы аурулар кейін сүйекті қисайтып, бойды жансыздандыратын көрінеді. Жігерімді жасытпай, емделу жолын жан-жақты іздедім. Барлығы да өз кезегінде уақытша ауырсынуды басып, көмегін тигізді. Алайда маусым айы жетісімен домбығып іскен аяқ-қолымның буындарын тек тұзды сумен жасалған булау әдісі ғана қайтарады.

Ерболат ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ:
– Қ.Пірімов ауылынан шығысқа қарай 25-30 шақырым қашықтықта «Қараболат әулие» жері деп атап кеткен қара тұз кені бар. Тұзды көлдің ені – 50-60 метр, ұзындығы 700-800 метр.
Кереметі сол, қара тұз кәдімгі сумен жуылмайды. Тек өзінің суымен адам бататындай ыдысқа салып, шомылу керек. Бұл жердегі тұз адамдарды тері, буын ауруларынан айықтырады. Ірі қара малын аусыл дертінен айықтырады дейді білетіндер. Келушілер тұз кенінің басында екі-үш күн жатып, емделсе, нәтижесін береді екен.

P.S. Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент. Аурудан айықтыратын осындай табиғат сыйының қасиетін көбіміз бағалай бермейміз.
Алтын МЕЙІРХАНОВА

18 маусым 2019 ж. 3 822 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930