Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұмыт қалғандарды ұлықтайық

Ұмыт қалғандарды ұлықтайық

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында қырық жас шамасындағы кісілер еңбек майданына алынды. Олар Ресей жеріндегі Челябі, Магнитогорск, Свердловск, тағы басқа да қалалардағы әскери зауыттарда ауыр жұмыстарға жегілді.
Сол тұстары Қазалы ауданында алпыс шақты ұсақ колхоздар болған. Соның бірі мен туып-өскен «Дихан» колхозынан Айтжан Палуанов, Жүсіп Матаев және менің әкем Жаңай Құдабаев деген кісілер соғыстың алғашқы жылынан осы дүрбелеңге қатысып, сұрапыл аяқталғаннан кейін ғана елге оралды.
Оқ жауып тұрмағаны болмаса, ондағы жағдай майдандағыдан бірде-бір кем емес, әрбір күндері түрлі қиыншылықтарға толы, азаппен өткен. Зіл батпан ауыртпашылыққа шыдай алмағандардың жырақта қалғандары да болған. Аштық, он-он екі сағатқа созылған үзіліссіз жұмыс, суық, әрі ыза барақтардан денсаулықтарынан айырылып, елге құр сүлделері ғана келді. Соның салдарынан әкем бір жылдың ішінде о дүниелік болды. Ал, аман келгендері ес жияр-жимастан колхоздың жұмысын тегін атқарып, кейін дүниеден өтті.
Ондай адамдар Қазалы ауданында 350-400-дей болуы керек. Ал, рес­публика бойынша бірнеше мыңға жетуі әбден мүмкін. Өкініштісі, қазір солардың санын, кімдер екендігін әскери бөлім де, үкімет те ешкім білмейді. Елеусіз, өмірде болмаған, ұмытылған жандар санатында қалды. Шындығында олар барлық өмірлерін қоғамға арнап, одан ешнәрсе алмай кеткен ұрпақтар екені даусыз.
Сондықтан мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс қаражатын маңызы жоқ жобаларға емес, осындай игілікті істерге жұмсап, олардың есімдері анықталып, тиісті деңгейде насихатталуы қажет. Сөйтіп еңбек майданының ерлері соғысқа қатысқандармен бірдей дәрежеде аталып, аты-жөндері ескерткіш тақталарға жазылып, есімдері ұрпақтар жадында мәңгі сақталуы тиіс. Себебі қашанда ерлік елге – мұра, ұрпаққа – ұран.
Әбжами ЖАНАЕВ,
еңбек ардагері
02 мамыр 2018 ж. 2 176 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930