Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Айт ата ардақталды

Айт ата ардақталды

Қазақтың сайын даласында өткен ғасырлардан бүгінгі қоғамға жеткен тарихи жәдігерлер, көне қорымдар мен ескерткіш белгілер аз емес. Дерегіне терең үңілсеңіз, тылсым әлемге енгендей сезімге бөленесіз. Оған қоса, еліміз егемендік алғаннан бері өткенімізді зерделеп, ата-баба шежіресіне үңілуге кедергісіз жол ашылды. Мұның өзі ұрпақ санасына қазақы дәстүр, ата салтын терең сіңіруге әсерін тигізуде.
Өткен сенбіде Жанқожа батыр ауылының аумағында яғни, «Әлсейіт» көпіріне жақын маңда қасиет қонған Айт Торымұлы бабаның өмірге келгеніне 300 жыл толу құрметіне ұрпақтарының демеушілігімен, тікелей араласуымен салынған еңселі ескерткіш-кесененің ашылу рәсіміне куә болдық. Ұлы жолдың бойындағы, ескі қорымның шетінде күн нұрымен жарқыраған еңселі кесене жолаушының назарын еріксіз өзіне тартады.
Кесенені көргенде: «Жақсының аты өлмейді» деген осы шығар. Арада үш ғасыр өтсе де Айт атамыздың есімі көмескі тартпады. Міне, өнегелі өмір сүрудің мән-мағынасының шынайы үлгісі. Баба есімін жаңғыртып жатқан ұрпақтарына да рақмет!» деген ой санамда жарқ ете түсті.
Енді қабырғалы қауымның сүйіспеншілігіне бөленген Айт Торымұлы туралы өзім естіген деректі айтайын.
– Айт атамыз ХVІ-ХVІІ ғасырда өмір сүрген. Торым атамыздың Ырыскелді атты қызы, Айт, Кенжес, Қожас деген ұлдары болған. Ал Айт атадан Қарабақсы, Тоңаша, Мырзакелді, Мырза, Арал, Теңіз Доңазақ тарайды. Қарабақсы мен Тоңашадан тараған ұрпақтары кесене салып, ас беруде. Қалған ұрпақтары аласапыран кезеңде өзге өңірлерге қоныс аударып кеткен. Олардан мағлұмат жоқ. Осы маңайда Қостерек аталатын жер бар. Сол екі теректі ағайынды Төлеке мен Төлеміс деген аталарымыз отырғызған екен. Күні кешеге дейін қос терек жайқалып тұрды. Қостеректің жоғары оңтүстік беткейін жағаласаңыз «Айттың аралы» деген арал кездеседі. Сырдария өзені сол жерден екіге бөлініп ағып жатады.
Қостеректе кезінде «Интернациональ» деген колхоз, жеті жылдық мектеп, қолдан басып, күйдірген кірпіштен салынған монша болған. Сәдібас, Мырзағұл аталар колхоз басқармасы қызметін атқарып, шебер ұйымдастырушылық қабілеттерімен колхозды озат шаруашылықтың қатарына қосқан. «Коммуна» аталатын каналды қолмен қаздырып, елге су әкелген. Төкеш ата «Сарықұл қожа» мешітінде дүкеншілік жұмыс істеп халыққа қызмет жасаса, Куаныш атамыз заманында болыс болып, ел басқарған. Коммунаның Дүңкілдіге қараған беткейіндегі Төртқара руының «Масақ қорымы» деген үлкен қорым тасқын судың салдарынан жойылып кеткен, – дейді Айт баба ұрпағы, аталмыш шараның басты ұйымдастырушысының бірі, Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектептің байырғы мұғалімі, ауылға сыйлы азамат Думан Төкеш.
Шара барысында Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, өзге де ел ағалары, ұрпақтары өз лебіздерін білдірді. Баба аруағына арналып ас беріліп, Құран бағышталды.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
Жанқожа батыр ауылы
20 қараша 2021 ж. 889 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930