Қалқанша безінің жұмысын жақсартатын 9 азық
Қалқанша безінің жұмысын жақсарту және гормондардың бұзылуынан қорғау үшін күнделікті тамақтану рационыңызға төмендегі азық-түлік түрлерін қосуды ұмытпаңыз дейді «Ауырмаңыз!» газеті.
Олар:
1. Бал, грек жаңғағы және лимон. Олар қалқанша безінің жақсы қызмет атқаруына көмектеседі. 3-4 грек жаңғағын ашып, уатып, оған 1 ас қасық бал араластырыңыз. Оны 1 шай қасықтан таңертең ашқарынға жеңіз. Күн сайын 1-2 апта бойына қабылдаңыз. Тағы бір кеңес: 2-3 лимонды мұқият жуыңыз, бір стакан біркелкі масса алу үшін қабығымен бірге майда үккіштен өткізеді. Оған дәл сондай мөлшерде бал қосып, араластырыңыз. Дайын болған «дәріні» күніне 3 рет, 1 ас қасықтан тамақтан кейін қабылдаңыз.
2. Теңіз капустасы. Теңіз капустасының құрамында қалқанша безі ауруларының алдын алатын 40-тан астам витаминдер мен элементтер және йод бар деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Қалқанша безі ауруларымен күресетін таптырмас өнім екені сөзсіз.
3. Құрма. Құрмада йод өте көп, бірақ теңіз капустасы сияқты емес. Дегенмен құрманы көп адам ұнатады. Сонымен бірге құрма магний, натрий, темір және А, С, Р витаминдерін бойына жинаған.
4. Пияз. Пияздың қалқанша безіне, бауыр мен жүрекке де пайдасы зор. Иммунитетті нығайтатын микроэлементтерге өте бай.
5. Алма. Алма – пайдалы заттарға тұнып тұрған коктейль. Қалқанша безі үшін олар рак клеткаларынан қорғайтынымен құнды. Алманың дәндерін де тастамай пайдаланған дұрыс, өйткені олардың құрамында 15%-ға дейін қою майы мен йод бар. Алманың ең пайдалы түрінің бірі – В17 витамині бар «Гала» деген сорты. Оны қабығымен жеу керек.
6. Краб еті және теңіз өнімдері. Құрамында иммунитетті нығайтатын В12 витамині және мырыш бар. Бір жақсысы, консервіленген краб еті де пайдалы қасиеттерін сақтайды.
7. Көкжидек. Көкжидек – құрамындағы антиоксиданттар бойынша жоғарыдағы аталған өнімдердің барлығын басып озады. Қалқанша безінің гормоналды ақауларын жоюға көмектеседі.
8. Шпинат. Шпинатта көп мөлшерде кездесетін лютеин мен каротеноидтар қалқанша безінің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі.
9. Қызыл балық. Сарапшылар қалқанша безін «қалпына келтіруді» кешкі уақытта бастаған дұрыс деп санайды. Күні бойы жұмыс жасаған гормондардың қалпына келуіне кешке қызыл балық жақсы көмектеседі. Қайнатылған, бұқтырылған және жартылай тұздалған күйінде қолдансаңыз да болады. Қызыл балық қалқанша безінің үйлесімді жұмыс істеуі үшін ең қажет саналатын пайдалы Омега-3 май қышқылдарына бай. Оны мүмкіндігінше жиі пайдаланыңыз.Егер қалқанша безі әлі де ауырса (мысалы, жұтынғанда ауырсыну, тұншығу сезімі) дәрігермен кеңесу керек. Әрдайым дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз!
syrboyi.kz