Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Саулықтың сыры саумалда

Саулықтың сыры саумалда

Елге індет жайылғалы халық оның емін іздеп дал болды. Бірі, оған қарсы сарымсақ пен пияз десе, екіншісі, ішімдікті оны емдеудің төте жолы деп көрсетті. Дегенмен вирустан қорғайтындар қатарынан саумал мен қымыз, жылқы етінің де аты аталмай қалған жоқ. Оның керемет қасиеттерін алға тартқандар көпшілікті бие сүтіне қызықтырып қойды. Бұған дейін қазақ үшін жат болмаған сусын мен жылқы етінің вирустан қорғайтыны қаншалықты рас? Жұртшылық аузынан тастамай жүрген саумалдың емдік қасиеті қандай?
Бұған дейін «қымызды жиі ішу вирустан қорғанудың бір жолы» дегенді арнайы мамандар да тілге тиек еткен болатын. Олардың айтуынша, дәл қазіргі тұста иммунитетті көтеріп, ағзаның жұмысын жақсарту басты назарда болғандықтан дәруменге бай саумал мен қымыз ішіп, жылқы етін жеп, індеттен қорғануға болады екен. Ал бие сүтінің емдік қасиеті талай рет дәлелденген.
Ұлттық сусынның дәмі ерекше. Ем үшін биебаудың басынан саумал ішетіндер аз емес еді, індет өршігелі тіпті көбейген. Оның құрамы белок, амин қышқылы, тез еритін май, оттегі және организмге қажетті минералдар мен көптеген дәруменге бай. Тіпті 80-ге жуық биологиялық белсенді қоспа бар екені де айтылып келеді. Қымыздың да құнарлығы ­ ­саумалдан кем емес екенін де айта кеткен жөн. Оның өзі ашыту әдісіне қарай бел қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз, бесті қымыз деп бөлінетін пайдалы сусынға да сұраныс вирус келгелі бері жоғарылаған. Жылқы етінің де мықты иммунитет қалыптастыратынын мамандар жиі сөз етеді.
Тереңірек үңілсек бие сүті де және одан жасалатын қымыздан бас тартпайтын қазаққа ол ерте заманнан белгілі және ғажайып қасиеттерімен танымал. Емдік қасиеттері бірқатар ауруларға шипа. Адам организмін жақсартып, тіршілік күштерін көбейтіп, денсаулықты нығайтады. Жасушалардың жаңаруына үлес қосып, көптеген аурудың алдын алуға көмегін тигізеді. ­Сонымен қатар жылқы сусынын ішкен жанның иммунитеті көтеріліп, ағза кез келген ауруға қарсы тұра алады.
Шын мәнісінде індет елде кеңінен таралғаннан кейін ең әуелі аурудан алшақ болу үшін, оның алдын алу жолдары өзімізден ­басталатынын жауаптылар қаперге салуды ұмыт қалдырмады. Бетпердемен жүріп, қолды әлсін-әлсін сабынмен жуып, антисептикті бір сәт ұмытуға болмайтынын да ескертті. Мұның барлығы зерттелгендіктен халыққа пайдасы болған жоқ деп айта алмаймыз. Дегенмен пайдалылығы жоғары ұлттық сусын мен тағамдардың да денсаулыққа берер көмегі мол және вируспен күресуге бірден-бір жол екенін санада мықтап сақтаған жөн.
А.БАҚЫТҰЛЫ
11 шілде 2020 ж. 1 616 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930