Қонақ келсе – құт келеді
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген сөз бекер айтылмаса керек. Айжарық ақсақал әулеттің үлкені. Бұл шаңырақтан мейман арылмайды. Келім-кетімді адамның қарасы көп. Бұған үй иелері де үйренген. Келіні де қабақ шытпай, құрақ ұшып жүгіріп жүреді. Қарашаңырақта қалған кенжесі Рауаннан бөлек қарияның алты баласы бар. Әрқайсысы өз алдына отау тігіп, жан-жаққа қоныс тепкен. Немере, шөберелер жазғы демалыс кезінде ауылға асығып тұрады. Бұл жолы да әдеттегідей Алматы қаласында тұратын ұлының балалары ата-әжесіне алғашқы болып, қонаққа келді. Қалада өскен немересі Азат:
– Ата, неге біздің үйге күнде адамдар келе береді? – деп тосын сұрақпен таңырқай қарады. Әдепкіде ақсақалға немересінің сауалы ерсі көрінген, алайды қалалықтардың жөні белгілі. Бір үйге ретсіз кіріп, кез келген уақытта мейман бола алмайсың. Осыны көріп өскен баланың осылайша сөйлеуі орынды. Немересін жанына жақын отырғызған Айжарық қария: «Балам, шаңыраққа түскен әр жанға жай адамдар деп емес, қонағым деп қара. Қонақ келсе – құт келеді, табалдырығыңнан аттаған әр кісінің өз несібесі бар. Қонақтың орны – қашанда үйдің төрі. Қонақтың өзі бірнеше түрге бөлінеді», – деді.
Немересінің зер сала тыңдағанын байқаған қарт әңгімесін әрі жалғады.
– Әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң, құда-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер – арнайы қонақ. Шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ – құдайы қонақ, үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды – қыдырма қонақ, ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған тойымсыз жанды – қылқыма қонақ деп атаған. Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген нақыл бар. Себебі олар келгенде отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын болса, құтты қонақ келді деп қуанып жатады. Ал ескі қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, асқа шақыру ол – ерулікті қонақ деп атаған. Барлығын бірдей сыйлап, төрін ұсынған, – деп немересінің басынан сипады.
«Қонақ күтудің де, қонақ болудың да өз әдебі бар балам, құлағыңа құя жүр» деген атасының сөзін Азат мұқият тыңдады.
– Халықтық ғұрып бойынша, келген адам баса-көктеп кірмей, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Әуелі шаңыраққа сәлем беріп кіруі керек. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келгендерге қонақасы берілген. Үлкен ас кезінде қонақтар төрден есікке қарай, жасының үлкендігі мен мәртебесіне байланысты орналасады. Құдайы қонақ түскен үйде отағасы жоқ болса, астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын іздестірген. Қонақты қарсы алған отағасы есік ашып, алдымен оны кіргізеді, шығарып саларда қонақтың өзі ашуы керек. Үй иесі ашса – онда ол қонақты қуғанмен бірдей.
Қонақ – Алла Тағаланың сыйлығы болғандықтан, оны құрметтеп күту – шарт. Ал қонақ келмесе, ренжу – жақсы қылық. Себебі хадисте: «Қонақ кірмеген үйге періште де кірмейді», – деп айтылған. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер үйіне қонақ келмеуін тілейді. Бұл дұрыс емес. Ұлық Пайғамбарымыз: «Қонақ күтуді қаламаған адамда береке жоқ» деген, – деп қария айтып үлгергенше «Ассалаумағалейкум» деп үйге ер азамат қос қолын соза кірді. Азат та орнынан шапшаң көтеріліп, жылы шырай танытып, сәлемдесті. Кішіге тән ізеттілікпен, төрден орын ұсынды. Немересінің мейманға деген ілтипатына сүйсінген қария ақылын көкірегіне тұтқанына риза кейіппен мейірлене қарады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА