Келесі жылы 130 мың бас мал бордақыланатын 6 ет кластері құрылады
Жобалар аясында 130 мың бас мал бордақыланып, жылына 26 мың тонна ет өндіру көзделген

Фото: ЖИ
Қазақстанның алты облысында ет өндіру мен мал бордақылауды қамтитын ірі жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жобалар аясында 130 мың бас мал бордақыланып, жылына 26 мың тонна ет өндіру көзделген.
Министрдің айтуынша, ет кластерлерін дамыту жұмыстары бірнеше өңірде жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Түркістан, Абай, Қостанай, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында тиісті жобалар іске асырылуда.
«Ет өндірісін ұлғайту үшін толық өндірістік циклі бар 6 ет кластерін іске қосу, сондай-ақ Түркістан облысында алғашқы ірі мамандандырылған мал биржасын салу жұмыстары жүргізілуде», – деді Айдарбек Сапаров.
Бұдан бөлек, келесі жылға жалпы қуаты 228 мың тонна сүт өндіретін 21 тауарлық сүт фермасынан тұратын жобалар пулы қалыптасқан.













