Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сәлем саған, туған ел

Сәлем саған, туған ел

Қазақстанның басты ұлттық құндылықтарын биікке көтеретін Елбасының: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы тың серпінмен жүзеге асырылуда. Осыған орай Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте «Сәлем саған, туған ел» атты концерттік кеш ұйымдастырылды.
Аталған бағдарламаны ілгерілету және үйлестіру, жас ұрпақтың бойына туған ел мен жерге деген патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен жиында аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Үмбетов пен аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Әлішов қатысып, балаларға шығармашылық шарықтау тіледі.
Шатыққа толы кеште ән байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізіп жүрген А.Өтемағанбет, Б.Берекетова, К.Бақытқызы, Г.Қуанышбай, А.Төремұрат, Ж.Қуаныш, тағы басқалары өз өнерлерімен көрермендерді баурап алды.
Тағылымды басқосуда жас өнерпаздар «Бәрінен де сен тәтті», «Ана-әке», «Балдәурен», «Қазақстаным» атты әндерден шашу шашып, мың бұрала би биледі. Дарынды оқушылардың өнерлеріне тәнті болған №204 орта мектептің директоры Т.Шермаханов жас өрендерге өмірде ақ жол тілеп, ыстық ықыласты лебізін білдірді.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.
12 ақпан 2018 ж. 1 834 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031