Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұмыс істеген онлайн-казиноның ұйымдастырушысы Әзербайжанда сотқа тартылды

Қазақстанда жұмыс істеген онлайн-казиноның ұйымдастырушысы Әзербайжанда сотқа тартылды

Қылмыстық топтың басқа мүшесі бас бостандығынан айырылды.
Фото: depositphotos.com
Қазақстан аумағында жұмыс істеген онлайн-казиноның ұйымдастырушысы Әзербайжанда сот алдында жауап береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Алматы қалалық прокуратурасы хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ҚР аумағында құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін заңнама талаптарын бұза отырып, заңсыз ойын бизнесін жүзеге асырумен айналысатын топ әрекет еткені анықталды. 
Аталған топтың ұйымдастырушылары мен қатысушылары пайдакүнемдік ниетпен әрекет ете отырып, онлайн-казино саласында "Ойын бизнесі туралы" ҚР Заңында көзделген тиісті лицензиясыз, азаматтарды құмар ойындарына қатысуға тарта отырып, заңсыз қызметті жүзеге асырған.
Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушыларының бірі шет мемлекеттің (Әзербайжан) азаматы болған, ол ҚР аумағынан тыс жерде әрекет етуді үйлестіріп, заңсыз ойын бизнесін техникалық қолдау мен қаржылық басқаруды қамтамасыз етіп, қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатының қозғалысын бақылауды жүзеге асырған.
"Шетел азаматының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуына байланысты қылмыстық іс, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Әзербайжанға жолданды. Қылмыстық топтың басқа мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, қылмыстық іс сотқа жолданды, қарау нәтижелері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталды. Осылайша, ҚР аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған айыпталушылар, орналасқан жеріне қарамастан ҚР заңында белгіленген жауаптылыққа тартылатын болады", – делінген ақпаратта.
08 желтоқсан 2025 ж. 183 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 134

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 148

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 147

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031