Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады

Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Алдағы жылы халқымыз жаңа плацкарт вагондарымен қатынай алады. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық тасымалдаушы компания ел ішінде пайдалануға берілетін жаңа плацкарт вагондарының алғашқы бейнелерін жариялады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Штадлер Қазақстан» ЖШС әзірлеген вагондар Қазақстанның климаттық жағдайына, алыс маршруттардың талаптарына және халықаралық стандарттарға бейімделген. Жаңа үлгідегі плацкарт вагоны 58 жолаушыға есептелген. Ішкі кеңістік жаңаша жобаланып, пайдалы аумақ барынша тиімді ұйымдастырылған.
Кіреберіс аймақта жүк қоюға арналған сөрелер орнатылған. Жолсерікке жеке демалыс орны, шағын асүй және басқару панелі қарастырылған. Жоғарғы орындарға көтерілуді жеңілдететін жаңартылған баспалдақ қойылған.
Үшінші деңгейге кең көлемді багаж сөрелері орналастырылған. Әрбір орын жеке шаммен, 220V розеткасымен, USB және USB-C порттарымен жабдықталған. Төменгі орындардың астында екі чемоданды сыятын арнайы орын бар. Ал орталық үстел 200 келіге дейінгі жүктемені көтере алады.
Алғашқы отандық Stadler вагондары 2026 жылдан бастап мына бағыттарда жүре бастайды:
• №3/4 «Астана — Алматы»
• №353/354 «Астана — Семей»
• №85/86 «Астана — Шымкент»
• №47/48 «Астана — Атырау»
Жыл соңына дейін жаңа вагондардың алғашқы легі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға тапсырылмақ. Келісім бойынша Stadler өндірген вагондарға 20 жыл сервистік қолдау көрсетеді. Жалпы жоспарға сүйенсек, 2030 жылға дейін небәрі 557 вагон пайдалануға берілмек.


08 желтоқсан 2025 ж. 88 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 113

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031