Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет және өнер қызметкерлері марапат төрінде

Мәдениет және өнер қызметкерлері марапат төрінде

Жыл сайын 21 мамырда еліміздегі мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор. Тәуелсіз еліміздің рухани байлығын арттырып, ертеден келе жатқан асыл мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, төл өнерімізді халықаралық деңгейде танытуда мәдениет пен өнер саласы өкілдерінің алар орны ерекше.
Осы орайда айтулы мерекеге орай Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында өткізілген шарада «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасы Бақытжан Дүзелбайұлы аудан мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып жүрген майталман иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық өнерде толағай табыстарға жетулеріне тілек білдірді.

Бұдан соң бірқатар мәдениет саласының қызметкерлері мен ұжымдарына «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының «Алғыс хаттарын» табыстады.
#AMANAT
23 мамыр 2023 ж. 646 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031