Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жыр арқауы – ана тіл

Жыр арқауы – ана тіл

Айтыс – халқымыздың ертеден бастау алып, әліге дейін қажеттілігін жоғалтпай келе жатқан озық өнері. Бұл ұлттық құндылығымыздың Қазалы жерінде бәсі бәсеңсіп тұрғаны жасырын емес. Мәселенің осы жағын ескерген «Қазақ тілі» қоғамы аудандық бірлестігі жақында жас ақындар айтысын ұйымдастырды.
Р.Бағланова атындағы аудан­дық мәдениет орталығындағы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген додаға төл тіліміздің төркінін терең түсінетін, ақындыққа құмар аудан көлеміндегі мектептердің 9-10-11 сыныбының талантты шәкірттері қатысты. «Қазақ тілі мәңгілік» атты өнер кешін Май­дакөл ауылдық клубының мең­герушісі, айтыс жанашыры Ермекбай Ағыраев жүргізді. Аудан әкімінің кеңесшісі Берік Бисембаев үкілеген үмітпен сахна төріне шыққалы тұрған айтыскерлерге сәттілік тілей келе: «Келешекте орталарыңнан аламан бәйгенің алдын бермейтін дарабоздар көптеп көріне берсін!» деген ыстық ықыласын жеткізді.
Айтыстың алғашқы жұбы болып, Ү.Түктібаев ауылындағы №88 мектептің 9 сынып оқушысы Азамат Жақсыгелді мен Майдакөл ауылындағы №98 мектептің 11 сынып шәкірті Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы көрермендер алдында көңілге қонымды жыр жолдарын төгілдірді. Екі талапкердің сөз саптауы мен тіл қадірін сезінетіндігі қуантты. Азаматтың «Сен мені шортан емес, жайындай көр», «Кейбіреулер орысша сайрағанды «авторитет» санайды», «Қазақ тілі – қазынам», «Қазақ тілін білмеу қасірет», ал Қанапияның «Өз тілінде сөйлейді хайуан да», «Төл тілім көк тумен бірге мәңгілік жасай берсін!» деген ұтымды да, ұтқыр теңеулері тыңдармандарды бейжай қал­дырмай, оларға үсті-үстіне қол ұрып, қошемет көрсетілді.
Бұлардан соң Тоқтарбек Амангелді мен Жанерке Жайлаубай, Аружан Иман мен Бекзат Серіков, Нұршат Құлмұрат пен Нұрдәулет Жеңісбек, Оңғар Аслан мен Нұрбек Жауылбай жұптасып, көтеріліп отырған тақырып төңірегіндегі толғамды ойларын жырмен өрімдеді. Жас ақындардың бірі тапқырлығы арқылы байыпты, жанға шуақ құятын шумақтарға құрық салды. Кейбіреулері күнделікті күйбең тіршіліктің төңірегінен шыға алмай қалды. Қалай десек те көкөрім өнерпаздардың бәрі де атадан балаға мирас болып жеткен қасиетті айтысқа қызығушылықтары мен талпыныс­тарын айқын аңғарта білді.
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші бірнеше сағатқа созылған жас айтыс ақындарының жыр бәйгесі мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды. Әділқазылар алқа­сының шешіміне сәйкес бас жүлде түктібаевтық Азамат Жақсыгелдіге беріліп, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық бірлестігінің арнаулы диплом мен 40 мың теңге ақшалай сыйлығы тапсырылды. Бірінші орын мұратбаевтық Аружан Иманға, екінші орын қожабақылық Тоқтарбек Амангелдіге, үшінші орын майда­көлдік Мұхаммед-Қанапия Шарханұлына бұйырып, дипломмен бірге ақшалай жүлде алды. Басқа қатысушыларға да «Алғыс хаттар» мен заттай сыйлықтар берілді.
Айтыс аяқтала бере «Қазақ тілі» қоғамы аудандық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшірованы әңгімеге шақырғанымызда:
– Біздің бүгінгі шарамыздың басты мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сонымен бірге ұлттық қазынамыз саналатын айтыс өнеріне бейім жастардың қанаттарын қомдап, алға қарай нық басуына қолдан келгенінше қамқорлығы­мызды көрсету. Көпшілікке рухани демалыс сыйлаған кешіміздің өз деңгейінде өтуіне «Сыр маржаны» ЖШС мен «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігі демеушілік көрсеткенін атап айтып, ұжым басшыларына шынайы жүректен шыққан алғысымызды жолдаймыз, – деген пікірімен бөлісті.

Сахи ҚАПАР
17 сәуір 2018 ж. 1 638 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930