Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Биыл Рамазан айы қалай өтеді?

Биыл Рамазан айы қалай өтеді?

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте діни шараларға уақытша тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды.

"Сәуір айында біз үшін маңызды бірқатар діни мейрам келе жатыр. Атап айтқанда, Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқа мерекелер аталып өтеді", - деді министр.
Абаев бұл мерекелердің барлығы көптеген азамат үшін өте маңызды екенін атап өтті. Дегенмен вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға уақытша тыйым салынған.

"Діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, жақындарымен, туыстарымен жиналады. Бірге мазар басына барады. Қазіргідей күрделі уақытта адамның денсаулығы мен амандығы маңызды. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды",- деп толықтырды Абаев.

"Біз азаматтарымыздың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынамыз", - деп түсіндірді министр.
Сондай-ақ, министр барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшыларынан түсіністік танытуды сұрады.

"Осы ретте барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарын түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз", - деп түйіндеді министр.

10 сәуір 2020 ж. 914 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 26

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 22

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 32

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 34

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 34

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031