Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас мүфти оразаны арықтау үшін ұстағандарға сауап болмайтынын айтты

Бас мүфти оразаны арықтау үшін ұстағандарға сауап болмайтынын айтты

Серікбай қажы Ораздың айтуынша, қасиетті Рамазан айында мұсылман Алланың ризашылығы үшін ауыз бекітуі керек.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз оразаны арықтау үшін емес, Алланың ризалығы үшін ұстау керек екенін түсіндірді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте Бас мүфти оразаның шарттары туралы айтты.

"Денсаулыққа пайдалы екен. Бір ай ораза ұстасам, ішім тазарып, жақсы болып қалады" деген оймен ораза ұстауға болмайды. Ондай адамға сауап жоқ. Бәлкім адамның ағзасына белгілі бір деңгейде оразаның пайдасы тиетін шығар. Бірақ ол Аллаға құлшылық жасап жатқан жоқ. Онда адам тек жеке басының мәселесін ойлап тұр", - деді Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте.

Серікбай қажы Ораздың айтуынша, қасиетті Рамазан айында мұсылман Алланың ризашылығы үшін ауыз бекітуі керек.

"Рамазан айында мұсылман таза ниет, кіршіксіз пейілмен құлшылық еткенде ғана адамның азғасына оразаның пайдасы тиеді. Адам рухани байиды", - дейді Бас мүфти.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы биыл Рамазан 30 күнге созылатынын, осы уақыт аралығында азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
02 мамыр 2019 ж. 3 210 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 184

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 170

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 163

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 174

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930