Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Отбасылық өнердің озаттары

Отбасылық өнердің озаттары

Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері бірігіп, талабы зор, ­бойына ­талант дарыған дарынды отбасыларды өзара жарыстырып, шығармашылығын шыңдау мақсатында шара ұйымдастырды.
Бұл Қызылорда облысына танымал, өңірдің өнерін өрге сүйреген күйші, қобызшы Махамбет, Романқұл Әуезовтерге арналған «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты аймақтық отбасылық ансамбльдер байқауы болатын.
Мәдениет үйінде ең алдымен кеш иелерінің өмір тарихынан сыр шертетін көрме қойылды. Отбасымен өнердің туын ұстаған, ансамбль құрып, одақ деңгейінде елдің атағын аспандатқан  әкелі-балалы Махамбет Әуезов пен Раманқұл Махамбетұлының мәдениетке сіңірген еңбегін ұлықтау кешіне облыстың жеті халықтық отбасылық ансамблі қатысты. Олар  екі кезең бойынша сайысқа түсті. Бірінші бөлімде ансамбльдің сүйемелдеуімен халық әндері не болмаса қазақ композиторларының шығармашылығынан бір шығарма және қазақ халқының ертеден келе жатқан дәулескер күйшілерінің туындысынан бір күй орындалуға  тиіс болды. Екінші кезеңде ансамбльге лайықталған батыс, орыс композиторларының шығармасын алып шығу және еркін тақырыптағы бір туынды орындау талап етілді.
 Бірінен бірі озған отбасылық топтардың сахнада көрсеткен өнеріне көрермен қызу қол шапалақтап, дән риза болып отырды. Әр ансамбль өз ерекшелегімен, тиянақты дайындығымен көзге түсті. 
Отбасылық өнер иелерін көпшілікке үлгі етіп, талантын ұштаған жанұялардың көбеюіне кең ықпал еткен кеш болды. Саз өнерінің сан алуан саңлақтарын самғатқан сәруар мекеннен түлеген кеш иелерінің өнегелі ізін жалғайтын өрелі ұрпақ тәрбиелеу ел мерейін үстейтіні анық.
Күмбірлеген күй мен әуезді ән қалықтаған кеш өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар белгілі болды. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткен Сырдария аудандық мәдениет үйі жанындағы  «Сәдуақасовтар» халықтық отбасылық ансамблі бас жүлдені иемденді. Жаңақорғаннан келген «Айсыновтар» ансамблі бірінші орынға тұрақтады. Арал ауданының атынан қатысқан «Сыдықовтар» ансамблі жүлделі екінші орынды еншіледі. Сырдария ауданы, Шаған ауылынан қатысқан «Сарыбаевтар» ансамблі үшінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тағайындаған арнайы ­диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
12 қараша 2019 ж. 1 158 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 60

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031