Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылордада республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті

Қызылордада республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті

Облысымызда айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Текті сөздің-төресі терме» атты республикалық байқауы өтті.
Сонымен қатар, байқауға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік мекемесі ұйытқы болды. Аталмыш додаға еліміздің барлық өңірінен іріктелген 13 жыршы- термеші қатысып, бақтарын сынады. Рухани тағылымдық іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүсін Ерман және Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов ашып берді. Биылғы бұл байқау Сүгір жырау Бегендіқұлының 125 жылдығына және Жастар жылына арналды.
Сондай-ақ, ертеден-ақ жыршы- термешілік өнердің ошағы болған, өзіндік дара мектебі қалыптасқан өңірлердің бірі осы- сыр өңірі. Жыр елінде өткен өнер бәсекесін өзі бастап берді. Мұнан өзге, Қазақстанның Халық әртісі, Дәстүрлі әнші Қажыбек Бекбосынов үміткерлердің өнерін бағалап, төрелігін айтты. Қазылар алқасы орындаушылардың өнеріне он балдық жүйемен баға берді. Бағалау барысында тақырыптың өзектілігі,мазмұн тереңдігі ,орындау шеберлігі, тіл нормасының сақталуы мен сазна мәдениеті ескерілді.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі 

11 қараша 2019 ж. 1 287 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930