Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Елімізде енді әншілер фонограмма қолданатынын көрермендерге ескертуге міндеттеледі

Елімізде енді әншілер фонограмма қолданатынын көрермендерге ескертуге міндеттеледі

Қазақстанда әншілерді фонограмма қолданатынын хабарлауға заң бойынша міндеттемек. Өнер иелері бұл туралы концертке дейін мәлімдеуі тиіс болады. Оны концерт афишасында көрсетсе, тіпті, құба-құп.

Бұл туралы  «Еуразия бірінші арнасы»  хабарлайды.
«Біз ел азаматтары бұл бастамамызды қолдайтынын көріп отырмыз. Олар жанды дауысты қолдайды. Сонымен қатар осындай өзгеріс арқылы концерт қызметтерін реттеп, концертті ұйымдастырушы мен концерт залы басшылығының жауапкершілігін анықтасақ дейміз», - дейді мәдениет және спорт министрлігінің музыка өнері басқармасы басшысы Ғани Мұратов.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың пікірінше, мұндай өзгеріс – «әділ әрі адамдыққа сай».
Десе де кейбір концерт залдарының жабдықталуы мен дыбыс режиссерлерінің кәсібилігіне шағымданатын жұлдыздар да аз емес. Әншілер «бастысы жанды дауыста» деген ұстанымға сүйеніп, даусыңды құртуға болмайтынын айтады.«Бүгінде танымалдыққа ие көптеген әнші «компьютерлік әнші» сияқты көрінеді. Әине, әнші, жұлдыз атанғысы келетіндер көп. Сол үшін компьютер арқылы даусын түзейді. Алайда олар компьютер арқылы жүрегінде жатқан дүниені бере алмайды», - дейді халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Арна тілшісіне сұхбат берген дыбыс режиссерлерінің бірі мүлдем ән шырқай алмайтындардың өзінің көмегіне жиі жүгінетінін айтады. Мұндай «әншілердің» даусын өңдеу шамамен 10 мың теңге тұрады екен.


17 қазан 2019 ж. 1 811 0

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 6

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031