Туған күнінде Роза Әлқожа "мерседес гелендваген" мінді
Әншілер туған күнін достарының жанында ақ дастархан үстінде тойлаcа, Роза бүгінде соңынан ерген өнерпаздарды демеу жолында көлемді концерт ұйымдастырды. Кеш барысында әншіге бауыры қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz бағдарламасына сілтеме жасап.
"Әр өңірде, Алматының сахнасына көп шыға алмай жүрген, бірақ бойында үлкен таланты бар жастар көп. Өзімнің туған күнімде жастарға кішігірім сый жасасам деп ойладым. Сол ойым жүзеге асқан сияқты", - дейді әнші.
Әлқожа меншікті мерекесінде ізбасарларына қолдау көрсетсе, шәкірттері де құралақан емес.
"Айша қызымыз күміс алқа тағып жатыр. Өскеменнен Зарина деген қыз келіп
«Әпке, кешіңізде қызмет жасайыншы» деп арнайы Құран, зәм-зәм, жайнамаз сыйлап жатыр. Қазір есіме түсіп тұрғаны сол", - деді Роза Әлқожа.
Туған күнге арналған сыйлықтар мұнымен толастар емес. Дәл осы кеште Әбдіжаппар әпкесіне темір тұлпарын тарту етті.
«Мен мініп жүрген қазіргі «Мерседес гелендваген» деген көлікті Роза Әлқожа қыздарыңызға сыйлаймын», - деді концерт кезінде Әбдіжаппар Әлқожа.
Естеріңізге сала кетсек, Роза Әлқожаның ауруханаға түсіп, кейін аман-есен жазылып шыққаны туралы хабарлаған едік.