Жұлдыздар не дейді?
Тоқты
Бүгін өмірлік ұстанымдарыңызды естен шығармай, арандатушылыққа бой алдырмаңыз. Өзіңізді ренжітуге жол бермеңіз. Маңызды іс бастаудың қажеті жоқ, бастаған істерді аяқтаған дұрыс.
Торпақ
Бүгін күш-қуатыңыз тасиды. Сондықтан бірнеше істі бірден бастайсыз. Бірақ оны соңына дейін жеткізбейсіз. Мұндай әрекет көп шу тудырады, әрі еш нәтиже әкелмейді. Он істі аяқсыз қалдырғаннан гөрі, бір істі сапалы істеген артық.
Егіздер
Қиындықтар мен кедергілерге қарамай мақсаттарыңызға қарай жүресіз. Қуатыңызды сезімдерге сарп еткіңіз келмейді. Бірақ шыдамыңызды тауысқандар болса, олардың жақсылап сазайын беретініңіз анық.
Шаян
Бүгін белсенділік танытпағаныңыз жөн. Көп іс жоспарламаған дұрыс. Одан да мүмкіндіктеріңізге қарай асықпай, бірақ сапалы жұмыс істеңіз. Басқа адамдардың іс-әрекеттерін болжап білу мүмкін емес, сондықтан тек өзіңіздің шаруаларыңызға көңіл бөліңіз.
Арыстан
Қандай іспен айналыссаңыз да, сізді сәттілік күтіп тұр. Бүгінгі күн жеке өмірді ретке келтіруге арналмаса да, махаббат мәселесіне бар назарыңызды аударсаңыз, бұл да сәтті шешілуі мүмкін.
Бикеш
Айналаңызда энергия тасып жатса да, көптеген іс сіздің тікелей қатысуынсыз шешілуі мүмкін. Бірақ бір нәрсеге көп көңіл бөлсеңіз, ол іс керісінше сәтсіз аяқталуы мүмкін. Сондықтан осы бір жайтты естен шығармаңыз.
Таразы
Бүгінгі күннің теріс энергиясын ауыздықтау оңайға соқпайды. Көңіліңізден шықпайтын істерді басқа күнге қалдырған дұрыс. Бүгін түйсігіңізге сенім артып, өзіңізді бақылауға ұстаңыз.
Сарышаян
Бұл күн сіз үшін қарбаласқа толы. Өзіңіздің салғырттығыңыз, «жоқ» деп айта алмауыңыз бұған себеп болады. Қиындықтарды жеңу үшін еңбекқорлық танытып, өзіңізге сенімді болуыңыз керек.
Мерген
Бүгін жан қалауы мен еркеліктің ара жігін ажыратып алған жөн. Себебі тамақтануда, ақша жұмсауда және көңіл көтеруде шектен шығуыңыз әбден мүмкін.
Тауешкі
Бүгінгі күн белсенділікті талап етсе де, ондай қауқарыңыз болмайды. Бұған жұмыс аптасының соңғы күні немесе ауа райының құбылуы себеп болуы мүмкін.
Суқұйғыш
Бірден бар күшіңізді тауысып, ауқымды жоспарлар құрмаған жөн. Уақыты келгенде күшіңізді біртіндеп жұмсаған дұрыс. Бұл күн жаңа нәрсе ойлап табуға өте қолайлы. Ең бастысы ол ойларыңызды басқаларға айтпаңыз.
Балықтар
Бүгінгі күннің энергиясы сізді дүкенге қарай шақырады, бірақ жұлдыздар асықпауға кеңес береді. Шығын үшін қолайсыз күн, сондықтан сауда жасауды кейінге қалдырыңыз. Күш жұмсауды қажет ететін істерге ден қойған жөн.