Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты
Фото: shutterstock.com
2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті. Оның ішінде 13,4 млрд теңге халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бөлінісінде пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына – 58,7%, Астана қаласына – 13,2% және Қарағанды облысына – 3,2% тиесілі.
Ауылдық жерлерде есепті мерзімде көрсетілген қызметтердің көлемі 2,0 млрд теңгені құрады.
Пошта және курьерлік қызметтердің ең жоғары көлемі Алматы қаласында тіркелді – 33,6 млрд теңге. Одан кейін Астана қаласы – 7,6 млрд теңге және Қарағанды облысы – 1,8 млрд теңге.
Пошта және курьерлік қызметтердің негізгі түрлеріне пошта және арнайы жөнелтілімдерді, оның ішінде сәлемдемелерді, бандерольдерді және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу қызметтері жатады.
22 қыркүйек 2026 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930