Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
23 қыркүйекте Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









