Қазақстан шетелдіктерге арналған мамандықтар тізімін үш есеге дейін кеңейтпек
Фото: ChatGpt арқылы жасалдыЕңбек министрлігі Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алатын шетелдіктерге арналған мамандықтар тізімін үш есеге жуық кеңейтуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір сұранысқа ие мамандықтар тізімінде 51 кәсіп бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген түзетулер жобасында бұл көрсеткішті 174 мамандыққа дейін арттыру ұсынылған.
Тізім ел экономикасының қажеттіктері мен басым салалардың сұранысына қарай кеңейтіледі. Осы арқылы Қазақстан білікті шетелдік мамандарды көбірек тартуды көздеп отыр.
Жоба президенттің 2026 жылы 25 сәуірдегі көші-қон саясатын жетілдіру және мамандарды, инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартуға жағдай жасау туралы жарлығын орындау мақсатында әзірленген.
Құжат 2026 жылы 6 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда шетелдіктерге банк картасын алу жеңілдейтіні туралы жазған едік.









