Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы күрт өзгереді: Қазгидромет ескерту жасады

Ауа райы күрт өзгереді: Қазгидромет ескерту жасады

Фото: istockphoto
«Қазгидромет» РМК бүгін, 23 қыркүйек Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады. Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірлердің жекелеген. аумақтарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Алматы облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау және Атырау облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар мен Ақмола облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Дауылды ескертудің нақты мерзімі мен ауа райы туралы мәліметтерді «Қазгидромет» болжамдарынан бақылауға болады.
23 қыркүйек 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930