Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халыққа жақындатқан қызмет

Халыққа жақындатқан қызмет

Уақыт — ең үлкен байлық. Ал оны үнемдеу, тіиімді жүзеге асыруда еліміздегі «Цифрлы Қазақстан» жобасының маңызы зор. Елбасының биылғы халыққа жолдаған Жолдауында тиімді мемлекеттік басқару бағытына ерекше назар аударылып, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қызмет көрсетуден кешенділікке көшіп, азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алудың міндеті қойылып, нақты жолы ұсынылды.

Осыған сәйкес енді темір торлы есіктер мен қатаң өткізу режимінің орнында, тұрғындарды мамандар қарсы алып, кеңес береді, жедел қызмет көрсетеді.

ҚР ішкі істер министрлігінің жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында азаматтарды қабылдауға арналған
фронт офис бүгінде Қазалы ауданы полиция бөлімінде де жұмысын бастаған.

Халықтық кеңсені ашудағы мақсат — полиция қызметінің ашықтығы мен айқындығын көрсету, тұрғындардың құжат рәсімдеуде әуре-сарсаңға түспей, әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Ғимарат фоесінде жасақталған қызметтік орында арнайы киім үлісін киген кеңесші, заманауи талаптарға сай арнаулы жабдықтар да көркем үйлестірілген. Мамандардың тындырымды жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Бейнебақылау жүйесі тартылған. Келушілерге мемлекеттік қызмет түрлерімен қатар консультативтік кеңес те беріледі.

Тиімділігін көрсеткен жаңашыл жоба — фронт-офис халыққа жақындата түсетіндігін тұрғындар пікірінен аңғаруға болады.

— Жұмыстың бітуінен оған сабылудың қиындығы көп. Бір қағазға қол қойдыру үшін тиісті адамға кіріп, рұқсат алу үшін сағаттап кезек күтетінбіз. Ол есіктен жұмыс бетсе жақсы, тағы бір жай туындаса, қайта кезекке отырасың. Ал бүгін Перизат Жолтерек деген кеңесші қыз асықпай мәселенің мән-жайын сұрап алып, құқықтық кеңесін беріп, оның тез бітуінің жолын нұсқады.

Жаңа жұмысқа сәттілік тілеп, аудан тұрғындары атынан аналық алғысымды айтамын, — дейді Айнагүл Ахметқызы.

Бұл бастама барлық әлеуметтік, әкімшілік, құқықтық жұмыстармен айналысатын орындарда жүзеге асса нұр үстіне нұр болар еді.
Алтын МЕЙІРХАНОВА
23 наурыз 2019 ж. 748 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031