Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Е-қызмет» – персоналды басқарудың тиімді жүйесі

«Е-қызмет» – персоналды басқарудың тиімді жүйесі

«Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметінің басты мәселелерін шешуге арналған, сонымен қатар, персоналды басқару процестерін дамыту мен жетілдіру жүйесі болып табылады.
Яғни, мемлекеттік органдардағы персоналды басқару қызметі әр мемлекеттік қызметшіге қатысты деректерді «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Өз кезегінде, «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу персоналды басқару қызметінің жұмысының өнімділігін арттыруға, жеке деректер, кәсіби және жеке бас құзіреті жайлы мәліметтер, білімі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, аттестаттау және бағалау нәтижелері, марапаттау және әкімшілікпен тәртіптік жаза туралы мәліметтері, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы сот және құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша жаңартылған ақпараттарды алу кезінде уақыттық және еңбек шығынын азайтуға бағытталған.
Бұл жүйе қолданысқа енгізілген уақыттан бастап облыстағы мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері жүйеде жұмыс жасау бағытында ұйымдастырылған курстарға қатысып, біліктіліктерін арттырып келеді.
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Соңғы өзгерістерге сәйкес ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі немесе "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Яғни бос лауазымға конкурс жарияланған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі ішкі конкурсқа үміткерлерден құжатты қолма-қол қабылдамайды.
Бұл ретте, құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Сонымен қатар, жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттар
2019 жылдың 1 ақпанына дейін құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады.
Ал, 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жалпы конкурс өткізген мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
«Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі кадрлық жұмысты тиімді орындауға, уақытты үнемдеуге және мемлекеттік қызметкерлер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Мақпал АБТИКЕРОВА,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
25 қаңтар 2019 ж. 3 199 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930