Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ақтан батыр ауылындағы абаттандыру жұмысымен танысты

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ақтан батыр ауылындағы абаттандыру жұмысымен танысты

Облыс әкімі Қ.Көшербаев Қазалы қаласына іргелес жатқан Ақтан батыр ауылында болып, жаңадан салынған орталық алаң мен саябақ құрылысымен танысты.


Ажары айшықталған Ақтан батыр ауылын абаттандырумен «Сыр маржаны және К» серіктестігі айналысқан. Тиісті мекеме қызметкерлерінің мәліметінше, тамыз айында басталған абаттандыру және құрылыс жұмыстарына 240 миллион теңге көлемінде жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық бюджеттен бүгінгі күнге дейін 106 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу өткізіліп, нәтижесінде «Сыр маржаны» серіктестігі жеңімпаз атанған.
Аймақ басшысын орталық алаң құрлысымен таныстырған «Сыр маржаны» серіктестігінің директоры Мнажадин Өттеев, келешекте ауылда көп салалы сауда орнын салып, елді мекенге қосымша жарық шамдарын орнатуды жоспарлап отырғандығын айтты. Сондай-ақ, серіктестік директоры ауыл орталығынан стадион салуды көздейді.
Қазір Ақтан батыр ауылында орталық алаң мен көше бойы абаттандырылып, кеспе тастар төселген. Арбат бойына түнгі жарықшамдары орнатылып, орындықтар, кіші архи-тектуралық формалар, темір күрке, балалар ойын және спорт алаңқайлары орналасқан. Төңіректің әрін келтірген қоршаулардың өрнектерінің өзі ерекше ыждағаттылықпен бейнеленген. Концерттік бағдарламалар өтетін ашық сахна алаңында ауыл тұрғындары мен қонақтары талантты өнерпаздардың өнерін тамашалай алады.
Орталық алаңға жиналған ардагерлер мен ауыл тұрғындары ауылдық жерлердің көркейіп, гүлденуіне үлкен қамқорлық танытып отырған Елбасының сарабдал саясатына, облыс әкімінің қолдауына ризашылықтарын жеткізді.

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Оқасов «Осындай игі іске мұрындық болған барша азаматқа ақтанбатырлықтардың алғысы шексіз. Бұл алаңда бәрі бар. Әдемілігі өз алдына, тұрғындардың пайдасына жарайтындығы бір бөлек дүние. Мәселен, спорттық жаттығу құралдары да орнатылған. Аяқ су келетін арнайы арықтар да жасалынған. Жаз шыққан кезде жасыл-желегі жайқалып, таза ауада арнайы қойылған орындықтарда демалуға мүмкіндігіміз болады. Әсіресе балалар алаңында күннің суығын елемей ойын көркін қыздырып жүрген балақайлардың қуанышында шек жоқ» – деп, алғысын білдірсе, ақсақал Әбдірей Шалқарбай аймақ басшысына деген тұрғындар ықыласын батамен жеткізді.


Айта кетерлік жағымды жаңалықтың бірі – ауылдағы тозығы жеткен Әйтеке би және Ғ.Мұратбаев көшелерінің жарықшамдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, 1 желтоқсаннан бастап ел игілігіне пайдалануға берілген. Бұрыннан бар шамдарды жаңа технологиямен жаңарту жұмыстары да жүргізілген. Бұл ретте Әйтеке би кенті – Әлсейіт тас жолының бойындағы және орталық Ақтан батыр көшелерінің түнгішамдары «таймерлік» құрылғылармен жабдықталып, автоматты жүйеге көшірілген.
Өткен жылы ауылдың 4 көшесіне орнатылған электр жарығы да осы жүйе арқылы жұмыс істейді. Енді ауылдағы барлық көше шамдары бір уақытта жанып, бір мезгілде сөнетін болады, тек “таймерге” жаздық-қыстық уақытты енгізіп отырса болғаны.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
26 желтоқсан 2018 ж. 1 201 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930