Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ажары артқан ауыл

Ажары артқан ауыл

Бүгінде Қазалы қаласына іргелес жатқан Ақтан батыр ауылының ажары айшықталып, көрген көзді сүйсінтеді. Ауыл орталығынан алаң құрылысы жүргізіліп, абаттандыру жұмыстары аяқталуға таяу.
Ақтан батыр ауылын абаттандырумен «Сыр маржаны және К» серіктестігі айналысуда. Тиісті мекеме қызметкерлерінің мәліметінше, тамыз айында басталған абаттандыру және құрылыс жұмыстарына 240 миллион теңге көлемінде жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық бюджеттен бүгінгі күнге дейін 106 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу өткізіліп, нәтижесінде «Сыр маржаны» серіктестігі жеңімпаз атанған.
Қазір Ақтан батыр ауылында орта­лық алаң мен көше бойы абат­танды­рылып, кеспе тастар төсел­ген. Арбат бойына түнгі жарық­шам­дары орнатылып, орындық­тар, кіші архи­тектуралық формалар, темір күрке, балалар ойын және спорт алаң­қайлары орналасқан. Төңіректің әрін кел­тірген қоршаулардың өрнектерінің өзі ерекше ыждағаттылықпен бейне­ленген. Концерт­тік бағдар­ламалар өтетін ашық сахна алаңында ауыл тұрғындары мен қонақтары келешекте талантты өнерпаздардың өнерін тамашалайтын болады.
Осы тұста мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында елді мекен тұрғындарының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын нығайту мақсатында «Сыр маржаны» серіктестігі өз қаражаты есебінен болашақта тағы да көп салалы сауда орындарын салып, елді мекенге қосымша жарық шамдарын орнатуды жоспарлап отырғандығын айта кеткен жөн.
– Аудан басшысы ғимараттар мен көшелердің жарықтандырылуын кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне тұрақты бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Осыған орай Ақтан батыр ауылында «Сыр маржаны» серіктестігі салған орталық алаңның жарықшамдары іске қосылды.

«Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев пен құрылысты жүргізген «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мнажадин Өтеевке ақтанбатырлықтардың алғысы шексіз. Бұл алаңда бәрі бар. Әдемілігі өз алдына, тұрғындардың пайдасына жарайтындығы бір бөлек дүние. Мәселен, спорттық жаттығу құралдары да орнатылған. Аяқ су келетін арнайы арықтар да жасалынған. Жаз шыққан кезде жасыл-желегі жайқалып, таза ауада арнайы қойылған орындықтарда демалуға мүмкіндігіміз болады» – дейді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Оқасов.

Сонымен қатар, тозығы жеткен Әйтеке би және Ғ.Мұратбаев көшелерінің жарықшамдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, 1 желтоқсаннан бастап ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұрыннан бар шамдарды жаңа технологиямен жаңарту жұмыстары да жүргізілді. Бұл ретте Әйтеке би кенті – Әлсейіт тас жолының бойындағы және орталық Ақтан батыр көшелерінің түнгішамдары «таймерлік» құрылғылармен жабдықталып, автоматты жүйеге көшірілді. Өткен жылы ауылдың 4 көшесіне орнатылған электр жарығы да осы жүйе арқылы жұмыс істейді. Енді ауылдағы барлық көше шамдары бір уақытта жанып, бір мезгілде сөнетін болады, тек “таймерге” жаздық-қыстық уақытты енгізіп отырсақ болғаны, – дейді Көларық ауылдық округі әкімі Шәкір Қартабай.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
08 желтоқсан 2018 ж. 1 251 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 48

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031