Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоқыстан электр энергия өндіретін станциялар салынады

Қоқыстан электр энергия өндіретін станциялар салынады

Қазақстанда қоқыстан электр энергиясын өндіретін бірнеше биоэлектростанция салынады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта биоэлектр станцияларын тұрғызу мәселесін қарастыру қажеттігін көріп отырмыз. Бұл станциялар қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы жұмыс істейді. Бұл секторда мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді көбейту қажет», - деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында.
айтуынша, бұл электр станциялары қоқыс полигондарында орналасады және бірнеше мәселенің шешілуіне көмектеседі.
«Қатты қалдықтарды өңдеу жөніндегі жобалардан басқа, қоқыс полигондардың негізінде биоэлектростанциялар орнатылады деп күтудеміз. Бұл қоқыстарды басқару, экологиялық таза энергияны өндіруде қоқысты қайталама шикізат ретінде қолдану сынды бірнеше мәселені қатар шешеді», - деді ол.
Айта кетейік, Энергетика министрлігі осы жылдан бастап энергияның баламалы көздерінің жаңа жобалары бойынша аукцион жүйесін енгізді. Осы жылдың мамыр айында қуаттылығы аз саналатын 10-20 мегаВаттқа дейінгі аукциондардың алғашқы раунды сәтті өтті. 10 жобаның 8-і қолдау тапты. Тиісінше, ендігі кезекте бұл жобалар жүзеге асырылғалы жатыр. Екінші раунд осы жылдың қазанында өткізілді және онда инвесторларға жалпы қуаты 15 МВт болатын биоэлектр станцияларын тұрғызу ұсынылды.
02 қараша 2018 ж. 2 030 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 282

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031