Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды", - делінген хабарламада.

Қазақстанда жылдық инфляция қазанда 8,5 пайызға дейін өскен. Бұл "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан болған.

"Оған қоса инфляцияның орнықты бөлігі де өсіп жатыр. Жоғары ішкі сұраныс жағдайында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтер бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне ықпал етті. Бюджеттің кіріс бөлігін орындамауға байланысты жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру есебінен экономика ішіндегі проинфляциялық қысым сақталып отыр. Қазанда халықтың инфляциялық күтулері төмендегенмен, құбылмалы болып қалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 17 қаңтарда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
29 қараша 2024 ж. 84 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031