Ауа райына байланысты бірқатар облыстарда жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді.
Фото: canvaАуа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысы
• "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолы, 377-536-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Бұзылық ауылы);
• "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)" 917-1006-шақырым (Жақсы кенті – Атбасар қаласы);
• "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" 377-595-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы);
• "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" 232-260-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
• "Жақсы – Есіл – Бұзылық" 0-82-шақырым;
• "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)" 856-915-шақырым (СҚО шекарасы – Жақсы кенті);
• "Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол ө/п)" 304-341-шақырым;
• "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық ө/п)" 14-50-шақырым;
• "Көкшетау – Рузаевка" 0-61-шақырым.
Қостанай облысы
• "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" 8-232-шақырым (Тобыл қ. – Ақмола облысының шекарасы);
• "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма) – РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)" 555-729-шақырым (Тобыл қ. – СҚО шекарасы);
• Осы жолдың 318–539 км (Тобыл қ. – Қарабалық кенті);
• "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" 234-501 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Рудный қ.);
• "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" 340-377-шақырым;
• "Мамлютка – Қостанай" 180-403-шақырым;
• "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" 252-339-шақырым;
• "Мариновка ауылына кірме жол" 0-9-шақырым;
• "Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шекарасы" 35-137-шақырым.
Ұлытау облысы
• "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" 138-252-шақырым (Ұлытау кенті – Қостанай облысының шекарасы).
Ақтөбе облысы
• "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" 5-234-шақырым (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
• "Астана – Көкшетау (айналма) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол ө/п)" 341-473, 492-522-шақырым;
• "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма) – РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)" 729-856-шақырым;
• "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" 595-946-шақырым;
• "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық ө/п)" 50-280-шақырым;
• "Көкшетау – Рузаевка" 61-196-шақырым;
• "Қостанай – Мамлютка" 226-406-шақырым;
• "Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы (Қызыл Жар ө/п)" 11-73-шақырым;
• "Петерфельд – Архангельское – Новокаменка" 0-31-шақырым;
• "Булаево – Воздвиженка – Молодогвардейское – Киров – Қиялы – Рощинское" 0-228-шақырым;
• "Рощинское – Корнеевка – Волошинка" 0-87-шақырым;
• "Волошинка – Сергеевка – Тимирязево" 0-119-шақырым;
• "Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кірме жол" 0-24-шақырым;
• "Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы" 0-32-шақырым;
• "РФ шекарасы (Қарақоға ө/п) – Петропавл" 0-120-шақырым.
Жолдар шамамен 2025 жылғы 21 желтоқсанда сағат 11:00-де ашылады.
Шығыс Қазақстан облысы
• "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
• "Өскемен – Семей" автожолының 10-103-шақырым аралығында (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.
Жабық жолдар
Жетісу облысында KAZ 19-02 "Үшарал – Достық" автожолының 84-164-шақырым аралығындағы (Көктұма ауылы – Достық станциясы) учаскесінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке "Қалқаман – Ақсу" көлік айрығы арқылы және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс "Баянауыл" көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.












