Екі облыста шектеу енгізілген жолдар ашылады
2026 жылғы 25 қаңтар сағат 10:00-де республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Фото: canvaҚостанай облысы:
– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 555–729 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейін);
– "Мамлютка – Қостанай" автожолының 180–403 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін);
– "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8–232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 418–539 шақырым аралығы (Қостанай қаласынан Қарабалық кентіне дейін);
Ақмола облысы:
– "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 304–341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
– "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы" автожолының 2–50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
– "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 0–61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 856–917 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін);
– "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 377–595 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
– "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 232–260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.










